Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Діңгектік жасуша – іске қосуға тұра ма?


15 июля 2011, 07:53 | 3 706 просмотров



Қайсымыз болсын, қалай болғанда да діңгектік жасуша жолымен емдеу әдісі туралы естіп жүрміз. Бұл әдіс жөнінде соңғы оншақты жылдар аралығында қаншама жарнамалар жарияланды: оны денсаулық, әсемдік және мәңгілік жастық сыйлайтын дәрі - панацея деп атайды. Қарсы пікір айтушылардың да көзқарасын, ойын естиміз. Оның жолын ұстаушылар, бұл әдістің барлық ауруларға жарайтын ең жақсы ем деп жорамалдау тым экспериментті әдіс дегенді айтады. Оның үстіне діңгектік жасушаны ем ретінде қолдану, адамгершілік пе деген тақырыпта этикалық даулар толқыны күшеюде. Бұл даудың қандай жағын ұстану – ол әр адамның өз алдына жеке таңдауы, бірақ ең басында діңгектік жасуша дегеннің не екенін түсініп алу қажет.

Жасушаның бірегейлігі

Діңгектік жасуша адам тіні мен барлық мүшелер жасушаларының құрылу негізі болып табылады, атап айтқанда, кейін бұдан барлық басқа түрлерінің жасушалары қалыптасады. Ұрық дамуының ең бастапқы сатысында ол толықтай діңгектік ажыратылмаған жасушалардан тұрады. Ер жетіп келе жатқан жасөспірім балалардың діңгектік жасушалары 10 есеге кемиді. Ал ересек адамдардың ағзасындағы діңгектік жасушалар бұдан да төмен, көбінесе ол қан құрамында және жілік майында кездеседі. Бұл жасушалардың кез келген ағзаның және тіннің жасушаларына өзгеріп тұра алатындығынан, олар жедел көмек ролін атқарып тұрады. Егер де ағзаның бір жерінде ақау шығып қалса, діңгектік жасуша дереу сонда қарай бағыт алып, сол зақымдалған жасушаға ауысады да, оның қызметінің қайта құрылуына себепші болады.

Емделу барысы қалай өтеді

Емделу барысында емделушіге діңгектік жасушаны отырғызады, ол ағза жұмысын қалпына келтіріп, адам денсаулығында пайда болған проблеманы шеше алмаған өлі, істен шыққан жасушалардың орнын толтырады.

Діңгектік жасушалар арқылы жүректің сазып ауруы, миға қан кұйылу, инфаркт, Паркинсон ауруы, Альцгеймер ауруы, ДЦП, буын қабынуы,(артрит) бытыраңқы беріш аурулары, (склероз) 2 типті сусамыр, (диабет) түрлі көз ауруларын жазу мүмкіндігі бар деп саналады.

Солай бола тұра, үлкен энтузиастардың өзі діңгектік жасушалар арқылы кейбір ауруларды жазу мүмкін еместігін айтады. Ілгері дамыған әдіспен емдеуге жатпайтын аурулар да бар: 1 типті сусамыр,( диабет) қатерлі ісік, онкологиялық аурулар, катаракта, глаукома, менопауза аурулары.

Дегенмен, ғалымдар жасаушаларды отырғызудың жаңа әдістерін тауып, бұл ауруларды емдеу үшін сенімдерін жоғалтқан емес.

Проблемалық тұстары

Бәрі де ештеңе емес сияқты көрінеді, міне – ең басты, қажетті дәрі де бар. Бірақ көп елдер жасуша емінің қолданылуына аса сенімсіз, сақтықпен қарайды. Адамның жасушалары мен тінін жамау ісі Европа Одағының нұсқауларына қайшы келеді. Мысалы Италия мен Германияда адам ұрығына зерттеу жүргізуге тыйым салынған. Сондай жолмен Италияда діңгектік жасушаларымен емдеуге тыйым салынған. Барлық елдер – ЕО мүшелері бұл тәсілмен емдеуге жол бермейді. Европа Одағының елдеріндегі сияқты Америка Құрама Штаттарында зерттеу жұмыстарына қатаң шек қойылған.

Бірінші кезекте бұл келеңсіз жағдайдың пайда болу себебі науқас адамға жасушаларды отырғызу үшін жарамды діңгектік жасушаларды алу жолы болып саналады.

Діңгектік жасушалардың көзі болып, ұрықтандырудан кейін бесінші күні қалыптасатын ұрық саналады. Оның жасушалары ересек ағзаның жасушаларының барлық түрлеріне өзгеруге қабілетті, бірақ олар ішкі себептерге байланысты рак жасушаларына өзгере алады. Әзірше әлемде клиникалық жолмен қолдану үшін жарамды нағыз ұрықтық діңгектік жасушалардың қауіпсіз түрі анықталмаған.

Бұдан әрі, діңгектік жасушаларды жүкті болу кезінде мерзімін кез келген уақытта тоқтату барысында түсік материалдарынан алады. Этикалық және заңдылық проблемасына бірге, бұл әдісті қолдану пациентті ұшық вирусымен, бауыр қабыну вирусымен, тіпті ЖҚТБ жұқтыруға әкеліп соғуымен қауіпті.

Діңгектік жасушаларды алуға болатын жолдың бірі, ол - бала туғаннан кейін жинап алынған плаценталық-кіндікбау қаны. Бұл қанның құрамында діңгектік жасушалар өте көп мөлшерде кездеседі. Оны алып, діңгектік жасушалар криобанкісіне сақтаса, кейін бұл материалды кез келген тін мен органдарды қайта қалпына келтіру үшін пайдалануға болады, сонымен қатар түрлі ауруларды емдеуге болады, соның ішінде ісік ауруларын да. Бірақ, кіндікбау қанындағы діңгектік жасушалардың саны онша көп емес, оны тиімді пайдалану қажет, тек бір рет және тек сол балаға қолданады, және ол 10 жасқа толғанға дейін ғана қолданады. Соңында айтар болсақ, діңгектік жасушаларды алу көзіне қол жеткізудің қолайлы түрі, концентрациясы өте шамалы бола тұра, адамның жілік майы болып табылады.

Проблемасынан басқа және жасушаларды жинау процедурасының қымбаттығына қарамай, басқа да бір қиындық жағдайды айта кету керек. Ол, пациенттің жазбаша берген келісімімен жасалады, отырғызылған жасушалардың пациенттің ағзасына сіңіп кете алатынына,одан пайда болатындығына қандай да бір болжамсыз, емдеу үшін діңгектік жасушаларды қолданған жағдайлардың бәрінде, тіпті клиникалық жағдайда жасалғанына қарамай эксперименттік түрде жүргізіледі.

Діңгектік жасушалармен жүргізілетін терапияны әлемдік практика жүзінде эндокринолог, кардиолог, хирург, ортопед, гематолог мамандары қолдана бастады, эксперименттік жағдайда қолдану үшін біршама тәжерибе жинақталды. Бірақ клиникалық жүзінде жасушалар терапиясының тиімділігі дәлелденген жоқ, дау тудырмайтын деректер әзірге түскен жоқ. Сондықтан, бұл ғылымның табысты бағыты жөнінде айтуға әзірше ертерек.

Ересектердің діңгектік жасушаларын қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Бұлардың көпшілігі тіннің қандай жасушасынан шықса, сол жасушада ғана дами алатындығында.

Бірақ та, өз артықшылығы да бар. Мысалы, ересектердің жасушаларымен жұмыс істеу этикалық шектеуге байланысты емес, себебі олар донорлық жілік майдан немесе кіндікбау қанынан алынған. Кейбір жағдайларда діңгектік жасушалар пациенттің өзінен алынады, ол жағдайда қабылданбайды деген болмайды.

Осы себептерге байланысты, бірден-бір танымал және бұрыннан қолданып келе жатқан емдеу әдісі - ол ересектердің діңгектік жасушаларын қолдану. Әңгіме жілік майын қатерлі қан ауруларымен ауыратын науқасқа отырғызу. Қазіргі күні бұдан басқа діңгектік жасушаларды қолдану әдісімен емдеуге жататын ешқандай түрі жоқ. Орталық нерв жүйесі зақымдалғанда, ісік ауруларын, миокардтың өлі еттенуі және аурулардың тағы басқа түрлерінде қолдану, әзірге тек өңделу, жасалу сатысында болып отыр.

Дабылды естимін

Сонымен бірге, науқастың ауыр түрлерін діңгектік жасушаларды қолданып, емдеп жатқан күдікті және алаяқты әдістердің саны өсуде. Саны жетпес, мемлекеттік емес клиникалар, көбінесе жеке меншік клиникалар, түрлі ауыр науқастан қиналмай арылу үшін қымбат, әрі емдеудің жаңа түрлерін ұсынады. Сенімін жоғалтқан, үміті үзілген науқас адам көптен күткен құтқарушысын іздеп, тал қармайды.

Мүмкін, болашақта жасушалық емдеу экс-перименттік түрден клиникалық дәрежеге жеткенде; бұл емдеу түрінің әдісі толық зерттелгенде және оларды жануарлар мен өз ерікімен жасатушыларда тексеру қажеттілігі жоғалғанда, жаңа нәтижелі емдеу әдісі туралы айтуға болатын уақытта келер. Әзірге, ғажайыпты тек кеңінен жарнамалау ғана.

Болашақта медицина міндетті түрде осыған қол жеткізеді деп ойламыз.