Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

РЕВМАТИЗМДІ ЕМДЕУДІҢ ХАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ


15 июля 2011, 13:54 | 2 507 просмотров



Халық медицинасы әртүрлі дерттерді ем дейтін көптеген әдістерді біледі. Бұл әдістер уақытпен тексерілген, ұрпақтан – ұрпаққа таралған және көңілге алынуы мүмкін.

Сізге дәрілерді және хирургиялық араласуды қолданбай-ақ, ревматизмді емдеудің бірнеше әдістерін ұсынамыз.

Ревматизмді араның шағуымен емдеу

Араны ұстап алып, қанатынан ұстап, ауыратын жерге отырғызады. Әдетте ара дереу шағып алады. Келесі шағуды біріншісінен кейін бір тәуліктен соң, шаққан жерінен 4-8 см жоғары жасау керек. Бірінші күні ауруға бір араны отырғызады, келесі күні – екеу, үшінші – үшеу, сөйтіп беске дейін. Содан соң ауру адамға бір немесе екі күн демалыс беріп, араның шағуын кері тәртіппен жасайды: бесеуден күніне бір араның шағуына дейін. Егер процедураны өткізгеннен кейін ауру адам ревматикалық ауруларды сезінуді жалғастырса, онда бір аптадан соң емдеу курсын қайталау қажет. Емдеудің екінші курсынан кейін ауру адамға, оны үшінші курсқа душар ету алдында екі жұма демалыс беру қажет. Бірақ бұл өте сирек болады.

Ревматизмнің екі мексикандық тәсілі

1. Бір литр суды қайнатып, онда 3 кішкене қасық ағылшын тұзын және кішкене қасықпен шараптас тұзының төрттен бір бөлігін, қабығымен кесілген үш лимон тілімін салып, 12 сағат демдеу қажет. Әр күн сайын таңертең бір шай стаканын аш қарынға ішу керек. Ішу алдында бутылканы шайқау қажет. Ағылшын тұзының екі сұрыпы кездесетінін еске салу қажет: ақ, химиялық таза, ішу үшін арналған және ваннаға арналған - сұр тұзы. Аталған рецепт үшін тек ақ ағылшын тұзы жарайды.

2. Камфора – 50 г, қыша ұнтағы – 50 г, спирт – 10 г, шикі жұмыртқаның ақуызы – 100 г алу қажет. Спиртті шынаяққа құйып, оның ішіне камфораны ерітіп, осы қоспаға қышаны төгіп, оны еріту керек, содан соң ақуызды қосып, араластырып, дәріні өзіндік майға айналдыру қажет. Бұл майды күніне бір рет, кешке, ұйықтар алдында ысқылап жағу тиіс, бірақ құрғағанша емес. Содан соң шүберекті сулап, сығып, ысқылап жағылған ауру жерлерге онымен сүрту керек.

Ревматизм кезінде доктор Н. Уокердің диетасы

Әйгілі американ ғалымы Н. Уокер «Жасырақ болыңыз» атты зерттеуінде ревматизмнің негізгі себебі етті тұтынуда жасырылатынын жазды. Ет адам организімінде кристалл жасайтын, көп несеп қышқылын тудырады. Бұл кристалдар бұлшықеттерге қонып, қатты ауыртады.

Доктор Уокер етті жеуді тоқтатып, шикі көкөніс пен жидектен тұратын вегетариандық тамаққа ауысуға кеңес береді. Ғалымның ойынша, етті жеп, организмде барлық ревматикалық аурудың қайнар көзі - несеп қышқыл кристалдарын жинақтауды жалғастырса, ревматизмнен қандай да бір емді жүргізу мәнсіз. Жылына бес – алты жұма вегетариандық диета, ғалымның сенімінше, барлығын және әрқайсысын ревматизмнің барлық азабынан және басқа да көптеген аурулардан сақтайды.

Мақала 1991 ж. Н.Ф.Девайкин редакциясының «Қалай сау қалуға болады» атты емдеу жинағының материалдары бойынша дайындалған.