Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ АРТАДЫ


15 июля 2011, 07:58 | 2 731 просмотр


Олай дейтініміз, ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Ресми ақпаратқа жүгінсек, соңғы 6 жылда Қазақстанда дүниеге сәби әкелу көрсеткіші 25 пайызға артқан.

Социологтар сенімді. Қазақ айтпақшы, «адам-ұрпағымен мың жасайды» деп. Ұрпақтарымен мың жасамақ азаматтар саны артып отыр. Дерекке тағы бір жүгінсек, 2010 жылы елімізде 364 мыңнан астам нәресте дүниеге келген. Бұл бізде ана мен бала денсаулығына деген қамқорлықтың арта түскенін аңғартады.

Мұндай қорытындыға «Save the Children» халықаралық қайырымдылық қоры келіп отыр. Әлемнің 160 мемлекеті арасында Қазақстан ана мен балаға қолайлы жағдай жасау көрсеткіші бойынша 51-ші орында екен. Жаман емес.

Баршаға белгілі, дүниеге келген сәбиді қаржыландыруды мемлекетіміз өз құзырына алған. Айта кетерлігі, әлеуметтік жәрдемақы және бонустар тұрақты өсіп отырады. Бұл ана мен бала өлімінің азаюы мен денсаулық сақтау саласының дамуына тікелей байланысты екені сөзсіз.

«Save the Children» халықаралық қайырымдылық қорының әлемдегі 160 мемлекетінде жүргізген зерттеуіне сүйенсек, ана мен балаға жасалған жақсылықтар жөнінде алғашқы үштікті Норвегия, Австралия және Исландия құрайды. Ал, Қазақстан жоғарыда айтып өткеніміздей орталық Азия елдерін артқа тастап, 51 орынға орналасқан.

Рейтингті жасау барысында эксперттер негізінен ана мен балаға бөлінетін жәрдемақы мен жеңілдіктерді басшылыққа алған. Республикамызда қабылданған заң аясында мұндай қамқарлық жыл сайын артып отырады. Шыр етіп жарық дүниенің бетін ашқан нәресте үшін әрбір отбасы 30 немесе 50 минималды еспті көрсеткіш (МЕК) көлемінде сыйақы алады. Биыл 1 МЕК 1512 теңгені құрады.

2006 жылдан бастап елімізде баланы бағып-қағу мақсаты үшін арнай жәрдемақы төлеу енгізілді. Бүгігі таңда ол 6365 теңгеден 8275 теңге мөлшерінде. Бұл орайда отбасындағы баланың саны да есепке алынған. Көпбалалы аналар ай сыйын шамамен 6 мың теңге мөлшерінде өтемақы алады. Аталған сома баланың кәмелеттік жасқа жеткенше төленеді.

Еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында мақсатты көмек көрсету көрсеткіші күн көріс минимумы деңгейі бойынша 100 пайызға дейін өседі делінген.

Айтар болсақ, алғашқы ондықтан орын тепкен мемлекеттерде нәрестенің дүниеге келуіне барынша жақсы жағдай жасағандары байқалады. Бұларда әлеуметтік төлемақы бару көрсеткіші де аса жоғары. Әлбетте, медициналық қызмет көрсетуді барынша жақсарту саяси құрылымның да дамуына әкелетіні сөзсіз.

Бір қызығы, Америка Құрама Штаттары алғашқы жиырмалыққа ене алмапты. Әлемдегі ең дамыған қатарында болса да АҚШ-та ана мен баланың өлу көрсеткіші жоғары. Керісінше еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда ана мен балаға қарастырылған қаражат көлемі төмен. ТМД мемлекеттері арасында ана болу Белорусияда жақсы. Себебі, аталған мемлекет «Save the Children» қайрымдылық қорының рейтингісі бойынша 33 орында. Және де бұл елде баланың 3 жасқа келгеніне дейін күн көріс минимумы көлемінде қаражат төленеді. Ресей болса көршілерінен кейінгі 38-ші орында. Бұдан кейін тиісінше Украина орналасыпты. Қазақстанның алдын екі сатыға орып Азербайжан жайғасқан. Аталған мемлекетте бір жарым жылдан бері 25 АҚШ доллары шамасында жәрдемақы төленіп келеді. Өкініштісі, Арменияда бұл соманың тең жартысы ғана беріледі. Мемлекет әлеуметтік төлемді небәрі бес-ақ ай төлетін көрінеді.

Ана мен балаға деген қамқорлық Африка елдері мен Ауғанстанда мүлдем кенжелеп қалған. Бұл елдерде нәрестенің шетінеуі мен ананың өлу көрсеткіші аса жоғары. Медициналық көмек көрсету деңгеін айтар болсақ, жағдай сын көтермейді екен. Жаңа туған сәбиге қарапайым дәрігерлік жәрдем жасау мүлдем жоқ десе де болады.

«Save the Children» қайрымдылық қорының сарапшылары ана мен балаға жасалатын барлық ерекшеліктерді ескерген. Бұған сапалы медициналық көмек көрсету, саналы тәрбие беру, жан – жақты әлеуметтік жағдай жасау сияқты факторлар енген.

Біздің мемлекет ана мен балаға деген қамқорлығын жылдан жылға жақсартып, көшбасындағы елдер қатарына қосылады деп сенеміз. Бұл мақсатқа жету үшін еліміздің саяси – экономикалық, мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктері баршылық.

Автор:
Ырысбай КЕНЖАБАЙҰЛЫ