Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Болашақта бар құпия ашылады


8 июля 2011, 07:49 | 1 656 просмотров



Алдағы 25 жылда Ресей ғалымдары жерімізге келіп жүрген жат жұрт тықтардың барлық құпиясын ашпақ. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясы қолданбалы астрономия институтының төрағасы Андрей Финкельштейн мәлімдеді.

-Біз үшін қазіргі таңда ғарыштағы құпия сырларды ашу қиын болмай қалды. Алдағы уақытта Ресей ғалымдары бүкіл адамзат қатылсымын ашпай отырған жат жұрттықтардың тіршілігін жалпақ ғаламға жария етуі мүмкін,-дейді Андрей Финкельштейн.

Ғалымның айтуынша, аспан әлемінде тіршілік бар, оны жоққа шығаруға болмайды.

-Қалай айтқанда да, өзге планеталықтар жердегі адамдардан өзгерек. Ең алдымен, олардың дене терісінің түсі басқа. Осы уақытқа дейін біз ғарыштан дабыл күтіп келдік. Ендігі мақсат басқа, біз жат жұрттықтар орналасқан жерді іздеуіміз керек. Ал ондай планета бар, - дейді ғалым.

Бүгінгі уақытта тіршілігі бар мыңдаған экзопланета ашылған көрінеді. Бір қызығы, олардың 10 пайызға жуығы Жер планетасына ұқсайды екен.