Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР СЛЕТІ ӨТТІ


24 июня 2011, 14:00 | 1 968 просмотров



22 маусым күні Талдықорған қаласындағы «Қаракөз» мейрамханасында баспасөз қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы және Талдықорған қалалық «Құқық қорғау орталығының» ұйымдастыруымен жас журналистердің «Жігерлі, ұшқыр жас қалам» атты облыстық VI слеті болып өтті.

Аталмыш слеттің мақсаты – облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында шығармашылық жұмыспен айналысатын жас журналистердің мемлекеттік саясатты баспасөзде жүргізудегі тәжірибесін жетілдіру; жергілікті баспасөздің ролін көтеру; жас тілшілерге шығармашылық қолдау көрсету; облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының жас журналистері, жастар, қоғамдық ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлерінің арасында өзара қарым-қатынас орнату.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Сүлейменова Гулжиян Мағданқызы облысымыздың әр өңірінен келген жас журналистерді келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап өтті.

Облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ж.Нұрғожаев, облыстық «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Әміре Әрін, облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры Б.Құранбек мастер-класс өткізіп, журналистика саласындағы өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Слетке қатысушы жас журналистер өзара пікір алмасып, өздерін таныстырып өтті.

Слет соңында жас тілшілер облыстық ішкі саясат басқармасының сыйлығымен және Талдықорған қалалық «Құқық қорғау орталығының» сертификаттарымен марапатталды және Алматы облыстық М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады

Автор:
Әйгерім ИЕБЕКОВА Суретті түсірген: А.КӘЛІМХАН.