Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ана мен бала денсаулығы – басты назарда!


17 июня 2011, 13:37 | 2 904 просмотра



Бүгінде елімізде аналардың денсаулығы бұрынғы жылдарға қарағанда төмендеп кетті. Өмірге бала әкелетін жастағы аналардың 80 пайызға жуығы қан аздығы ауруына шалдыққандар. Дені сау анадан дені сау бала, ауру анадан ауру бала туылады. Күнделікті өмірден көріп те біліп жүрміз.Аналардың денсаулығының нашарлығынан елімізде ағзалары жан-жақты жетілмеген,аурушаң,әлсіз сәбилер дүниеге келеді. Тіпті, соңғы кездері уақытынан ертерек босанатын болды.

Анемияның алдын алу.

Тағам құрамында темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі жер бетін кеңінен жалмаған әрі қауіпті қорек тапшылығына айналып отыр. Бұл жетіспеу-шіліктің адамның тіршілік етуіне, дамуына, денсаулығы мен ақыл-ой мүмкіндіктеріне және еңбек өнімділігіне тигізген жойқын әсері бүгінгі күні толық дәлелденіп үлгерді.

Тамақтану рационында осындай жетіспеушіліктің болуына байланысты, әлемде студенттер, ата-аналар мен жұмысшылар секілді үш миллиардтай адам өзінің бойындағы күш-қуатын толықтай пайдалана алмай отыр. Фолий қышқылы жетіспеушілігі – Қазақстандағы бала туатын жастағы әйелдер мен балалардың 80 пайызы /ер адамдардың да тағам рационы осындай/ бұдан зардап шегеді. Атеросклероз,сал,талма аурулары, сол секілді бірқатар онкологиялық кеселдердің дамуына мүмкіндік береді және микро,аненцефалия,жүйке түтігінің дамымай қалуы сияқты туабітті жүйке түтігі ауруларының туындауына себепші болады да , ол уақытынан бұрын өлімге немесе мүгедектікке әкеп соқтырады.

Теміртапшылықты анемиясы дегеніміз не?

Халық арасында анемияны қанның аздығы деп атайды. Бұл сырқаттың маңыздылығын бейнелейді.

Темірдің ағзаға жеткіліксіздігі түсу жағдайына эритроцит /қызыл қан түйіршіктері/ және оның құрамына кіретін гемоглабин мөлшері азаяды. Осы себепке байланысты қан ағзаның барлық жасушаларына оттегін жеткізуге қабілетсіз болып қалады.

Анемия,әсіресе жүктілік кезіндегі әйелдер үшін қауіпті.

1.Жүктіліктің дұрыс ағымы

2.Босану кезінде қиындықтың болмауы;

3.Құрсақтағы нәресте дұрыс жетілуі;

4.Баланың ақыл-ой және дене дамуы артта қалмауы;

5.Өзіңіз және балаңыз жұқпаға қарсы тұруға берік болу үшін;

Балаңызды теміртапшылық

анемиясынан қалай сақтай аласыз?

1.Тағам үлесі құрамына ет,бауыр,тіл,балық,жарма,алма,алмұрт,құрма,қара өрік,сары өрік,қымыз,саумал сияқты темірге бай өнімдерді қосыңыз.

2. Тағам дайындауда темір мен дәрумендермен байытылған бидай ұнын қолданыңыз.

3. Байытылған бидай ұнынан пісірілген нан-бөлке өнімдерін сатып алыңыз.

4. Шай темір сіңірімділігін тежейтіндіктен, оны тағамнан кейін 30 минуттан соң ғана қолданыңыз.

5. Ана сүті – нәресте ағзасына темірді жеткізетін жалғыз көз.

6. Балалар өмірінің алғашқы екі жасында шайдың кез-келген түрін қолданудың еш қажеті жоқ.

Ұрпағымыз - болашағымыз, сондықтан балаларымыздың денсаулықтарына уақтылы көңіл бөліп, дәрігерге дер кезінде қаратып, ағзасында өзгерістер болып жатса бірден көңіл бөлген абзал!

Автор:
Р. САТЫБАЛДИЕВА, Шиен дәрігерлік амбулаториясының дәрігері, Жамбыл ауданы, Алматы облысы