Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жүзумен айналысатын балалар астма ауруынан айығады


17 июня 2011, 07:39 | 2 352 просмотра



Тайланд жеріндегі Тайпей Медицина университетінің имунолог дәрігерлері астмаға шалдыққан балалар суда жүзу арқылы аурудан жазылу мүмкіндігі бар дейді. Суда жүзудің тыныс алу жолдарында пайда болатын ауруларды жазуға күші зор. Зерттеу жұмысы 7 және 12 жас аралықтағы балалардың екі тобына жасалды. Бірінші топтағы балалар алты апта бойы қауызда жекелеген бағдарлама бойынша жаттығады, ал екінші топ жәй ғана бақылаушы болады. Бірінші топтағы сәбилердің барлығында денсаулығы жақсарып, клиникалық көрсеткіштері де жақсарған. Жүзумен айналасу жиілей бастағаннан кейін ауруханаға түсетін балалар саны азайған, педиатрлар астманың ауыр түріне шалдыққан сәбилер саны да күрт қысқарған, балалардың тыныс алуы жақсарып, кейбір балаларда кеуде деформациясынан сауығып, астматик-жасөспірімдердің өмір сүру сапасы жақсарған. Дәрігерлер спорт түрлерінен жүзу астмаға шалдыққан балаларға ең тиімдісі деп шешті. Суда жүзу тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартып қана қоймай, баланың психологиялық және физикалық дұрыс дамуына әсер етеді. Бір жыл бойы жүзумен айналысқан балалар тез сауыға бастаған.

Автор:
Дайындаған Мадина ОМАРҚҰЛОВА,Алматы қаласы