Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұлыбританияда табиғи жолмен босанудан алдын-ала бастартқан әйелдер психиатрға қаралуға міндетті


17 июня 2011, 07:40 | 1 745 просмотров



Бұл Ұлттық денсаулық және медициналық көмек сапасы институты жаңа жобасы деп хабарлайды Daily Mail. Бұндай жобаны ғалымдарды қолға алуға мәжбүрлеген соңғы отыз жылдын көрсеткіші. Соңғы отыз жылда Ұлыбританияда баланы іштен жарып алу операциясының саны 2 есеге өскен. Ал соңғы уақытта жас келіншектердің барлығы бір ауыздан табиғи жолмен босанудан гөрі баланы іштен жарып алғанды құп көреді екен. Хирургиялық босануды қалайтын келіншектер табиғи жолмен босанудан қорқады. Босанғаннан кейінгі психологиялық және физикалық салдары әйелдерге қорқыныш сезімін тудырады екен. Сол себептен алдын-ала табиғи жолмен босанудан бас тартқан әйелдер психолог мамандардың кеңесінен өтуге міндетті.