Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыруға мемлекет тарапынан 350 квота берілді


17 июня 2011, 13:41 | 1 495 просмотров


Қазақстанда денеден тыс ұрықтандыру әдісіне мемлекет екінші рет көңіл аударып отыр. Былтыр осы салаға 100 квота берілген. Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ - ЭКО) әдісі саласы мамандарының айтуынша, бұл квота тек қана денсаулығына байланысты бала көтере алмай жүрген әйелдерге беріледі. Квота жергілікті денсаулық департаменттеріне таратылады. Әр облысқа 15-20 орыннан бөлінді. Былтыр әр облысқа тек 4-5 орыннан бөлінген. Квота кез келген әйелге беріле бермейді. Жасына қарай 20-35 шамасындағы әйелдерге, оның үстіне әйелде де, еркекте де ұрық болуы керек. Мемлекеттен бөлінген квота дәрі-дәрмегін қоса алғанда операция құны 675 000 теңгені құрап отыр. Біреу бірден жүкті болады, біреу бесінші реттен соң көтереді. Ол кәдімгі табиғи жүктілікпен бірдей құбылыс. Қалыпты жастағы дені сау әйелдің табиғи жолмен бала көтеру қабілеті бір айда орта шамамен 15-20% ғана, 30 жаста - 10% , 40 жаста - 5 %. Бұл әдіс сол пайыздық көрсеткішті екі есеге дейін арттырады. Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ - ЭКО) әдісінің Қазақстанда қолданылып жүргеніне 15 жылдан асыпты. Денеден тыс ұрықтандыру (адам ағзасынан тыс ұрықтандыру) әдісі дүниежүзінде сәтті қолданысқа енгеніне 33 жыл болды. Мұны алғаш рет 1978 жылы Англияда сол кездегі қатардағы ғалым-биолог, қазіргі таңда профессор Роберт Эдвардс ойлап тапты. Алғаш-қы дүниеге келген cәби Кембридж университетінің лабороториясында пайда болған Лиза Браун жақында 33-ке толады. Күйеуге шығып, табиғи жолмен бала туып алды. Лизаның сіңлісі де осы әдіспен өмірге келген. Ал Ресейде алғашқы бала 1986 жылы дүниеге келді. Қазақстанда бұл іс 1995 бастау алған, содан бері 16 жыл өтті. Тұңғыш ДТҰ нәтижесінде дүниеге келген қыз биыл 15 жасқа толады екен.