Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ГМӨ адамзатты аштықтан сақтайды


10 июня 2011, 07:46 | 5 648 просмотров



Әлі күнге дейін ресми түрде генетикалық модификацияланған өнімдердің қауіпсіздігі дәлелденген жоқ. Алайда, американдық зерт-теушілер жаһанды аштықтан дәл осы өнімдер сақтап қалатынын айтуда. Ғалымдардың пайымдауынша, жер шары тұрғындарының саны көбейіп келеді, ал егін егуге жарамды егістіктер керісінше жоғалып барады. Сол себептен агро комплекстегі гендік инженерия азық-түлік жоқтығынан және аштықтан сақтайтын бірден-бір жол. Бүгінгі күні Генетикалық өзгеріске ұшыраған тағамдарды өндіру жағынан АҚШ көш бастап келеді. Ғалымдардың айтуынша, басқа мемлекеттер де жақын арада ГМ өнімдерді шығаруды қолға алуға мәжбүр болады. ГМӨ-нің адам ағзасына тигізетін зияны бүгін байқалмаса да, 20-30 жылдан кейін зардабы шығып, ұрпағымызды уламауына кім кепіл?

Автор:
Дайындаған Мадина ОМАРҚҰЛОВА, Алматы қаласы