Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

1 маусым – Халықаралық баларды қорғау күні


3 июня 2011, 07:59 | 2 220 просмотров



Жаздың алғашқы күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні – ең көне халықаралық мерекелердің бірі болып табылады. Ол бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтілуде. Мерекені өткізу туралы шешім, 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Бұл бастаманы БҰҰ да қолдап балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыты деп жариялады. Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару мақсаты болатын, ол әркез әртүрлі іс-шаралар өткізумен атап өтіледі. БҰҰ 1959 жылы Бала құқықтары Декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, мемлекеттік емес ұйымдарды ондағы балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауға және оларды сақтауға тырысуға шақыратын баптар кіреді. Декларация тек ұсынымды сипатта болды және міндетті күші болған жоқ. Басқа заңдар талап етілді, содан 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады, оған 61 ел қол қойды.

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әдемде өмір сүреміз» атты Бүкілқазақстандық акция ұйымдастыруды. Осыған орай 31 мамыр күні Талдықорған қаласындағы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаржы басқарымасында баспасөз-конференция өтті.

Оған қатысқан Алматы облыстық балалардың құқытарын қорғау департаментінің директоры Гүлнар Өмірбекқызы Ермекбаева, Алматы облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке жасы толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Құджақов Ғалым Жақыпбайұлы, қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрахжанова Гауһар Құрманғазықызы, және облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Қыдырбайева Дәния Сәлімбайқызы, «Балалар еңбегінің ең нашар нысандарын алдын алу және ескерту» әлеуметтік орталығының директоры Денсиова Алла Павловна өзара пікір алмасып, шараның ұйымдастырылуы және балалардың жазғы демаластарын тиімді пайдалану, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы ойларымен бөлісті.

Автор:
Әйгерім ИЕБЕКОВА.