Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«ҮШТІҢ» ӨЗІ КҮШ


20 мая 2011, 07:51 | 1 631 просмотр



Мұндай бағаны қазақстандықтар кепілді дәрімен қамтамасыз етуде қолжетімдік бол-ғанымен, осындай баға беріп отыр. Бұл турасында жуырда қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері және денсаулық сақтау саласы сарапшыларының қатысуымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысында айтылды.

Ғылыми-тәжірибелік форумды «Аман-саулық» қоғымдық қоры ұйымдастырды. Негізінен бұл басқосуда кепілді дәрімен қамтамасыз етуде қолжетімділік болу қажет. Бұл игілікті іске «Сорос-Қазақстан» және «Ашық қоғам» қорлары мен «Қоғамдық денсаулық ұйымы» бағдарламасы мұрындық болмақ.

Алынған деректерді саралайтын болсақ,емдеу мекемелерінде амбулаториялық емханалық қызметтің жұмысын қаржыландырумен қамтамасыз етуде қаражат толыққанды бөлінбей келгені анықталды. Сонымен қатар, науқастарды жеңілдікпен және тегін бөлінетін дәрімен қамтуда да олқылықтар орын алған. Мұның сыртында денсаулық сақтау саласында басқа да кемшіліктер бой көрсетіп қалған көрінеді. Бұл турасында «Амансаулық» қоғамдық қоры жанындағы жобалар жөніндегі менеджері Рахима Дүйсенова сөз қозғады.

Кепілді дәрімен қамтамасыз ету барысын тағы бір анықтау үшін анкета жүргізілгенде дәрігерлердің 68,9 пайызы, ал науқастардың 83,6 пайызы «үштік» деген баға беріп отыр. «Зерттеулерді саралайтын болсақ, денсаулық саласындағы және дерімен қамтамасыз етудегі мемлекеттік жобалар халық күткен нәтиже бермеген сияқты. Оған дәлел, «жедел байланыс» телефонына қоңырау шалған 2012 адамның арызы дәлел бола алды. Жасыратыны жоқ, 2008 жылдан бері медицина саласына қыруар қаржы бөлініп жатса да, «баяғы жартас, сол жартас». «амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменов «кепілді дәрімен қамтамасыз ету ісін мемлекеттік стандарттарға сай жүргізіп, оны қаржыландыру мәселесін қайта қарау керек»,-деге\н уәж келтіреді.

Басқосу аяқталды. Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер алынды. Ол қатталды. Бірақ, бір мәселе белгілі. Ол-халықты арзан да сапалы дәрілермен толыққанды қамтамасыз ету.

ҚАРТТАРҒА ТЕГІН

ИМПЛАНТАНТ

ОРНАТЫЛАДЫ

Халықаралық қозғалысқа қосылған қазақстандық стамотологтар бұдан былай қадірменді қарияларымызға тегін имплантант сала бастайды. Бұл жөнінде өткен аптада Алматы қаласында өткен тіс дәрігерлерінің кезекті Y-съезінде айтылды.

Айтпақшы, бұл кездесуге Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті мен Қазақстан стамотологтары ұлттық ассоциациясы (ҚСҰА) мұрындық болды.

Алдын ала өткізілген баспасөз – конференциясында ҚСҰА өкілдері республикамыздағы стоматология саласының жұмыс барысынан ақпарат берді. ҚР денсаулық сақтау министрлігі жанындағы штаттан тыс бас стоматолог Сәуле Есімбаеваның дерегіне жүгінсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 575 стоматологиялық ұйым, 1165 мемлекеттік емес емдеу мекемесі бар. Бұларда орта есеппен 6 мыңға жуық тіс дәрігерлері еңбек етеді. Есімбаева ханым республикамызда тұңғыш рет денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын көздеген жеке дара, кезең-кезеңімен нақты іс жүзіне асыруды көздейтін стоматологияның салалық бағдарламасы жа-салғандығынан хабардар етті. 2015 жылға дейінгі стоматология қызметін бүгінгі күн талабына жауап беретіндей етіп, халықтың медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту қажеттігі талаптарын толық қанағаттанарлық дәрежеге жеткізіп, стоматологияның кемшін тұстарын жою қажет. Бұл құжат негізінен бұқара арасында мүмкіндігінше тіс ауруларының алдын алып, әлбетте сапалы медициналық қызмет көрсетуге негіз болады. Ең бастысы-кәсіпкер стоматологтардың білімі мен біліктілігін арттыруға ықпал етеді,-деп атап көрсетті Есімбаева ханым.