Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ


13 мая 2011, 07:32 | 5 358 просмотров



Қазіргі кезде вирусты гепатит-сары аурудың 5 түрі бар. А, В, С, Д, Е. Соның ішінде ең көп кездесетіні вирусты гапатит А.

Гепатит А-сары ауру

Жұқпалы ауру, таралу жолдары-сау адам-ға ауру адамнан, көбінесе кір қолдан, ауыз арқылы жұғады немесе вирус түскен тамақпен, қайнамаған су ішкенде өтіп кетеді.

Сол сияқты жанұяда ауырған адамды, баланы күткен кезде пайдаланған заттарынан жұғады.

Гепатит А әсіресе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездеседі. Вирусты гепатит ауруы бауырды, бүйректі зақымдайтын инфекциялық ауру. Ауру санының көтерілу мерзімі шілде-қараша айларында, осы уақытта әсірісе мектеп жасындағы балалармен, мектепке дейінгі жас өспірімдер арасында көбірек кездеседі. Себебі – жуылмаған көкөніс пен жемістерді жумай жегенде,

- жеке басының гигиенасын сақтамағанда,

- балалар бір-бірінің сағызымен алмасқан кезде,

- бір шөлмектен су немесе шырын ішкенде,

- балалардың таза жүрмеуінен, қолдарының тырнақтары өсіп, кір болуынан,

- балалардың бет, қол сүртетін орамалдарының болмауынан,

- балалардың дәретханаға барған соң, тамақ ішер алдында қолдарын сабындап жумауынан.

Аурудың белгілері:

Адамда әлсіздік, температурасы көтеріліп, осы ауруға тән зәр түсінің қошқыл сарыға, нәжісінің түссізденуі сияқты белгілері пайда болады. Бірінші белгілері-көздің, ауыз қуысының терінің сарғаюы пайда болады. Осы белгілер байқалысымен дәрігерге корінуі қажет. Дәрігерге кеш қаралған жағдайда ауру асқынып өт жолдары қабынады, бауыр циррозға, созылмалы гепатитке айналып кетеді.

Гепатиттің алдын алу шаралары

- жеке бас гигиенасын сақтау,

- белгісіз құдықтан, арықтан су ішпеу,

- бір-бірінің сағыздарымен алмаспау, бір шолмектің аузынан.

Су ішпеу, тамақ ішер алдында қолдарын еқі рет сабындап жуу.

Автор:
С.Б. МУХИЕВА, Алдабергенов дәрігерлік амбулаториясы, балалар дәрігері.