Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АУЫЛЫМ ӘНІМ


22 апреля 2011, 07:50 | 2 638 просмотров



Қоғалы

Бозбеткейлім-ай, ендеше,

бозбеткейлім, ахау,

Бозбеткейден – ай ендеше,

мал кетпейді-ай,

Қоғалы – ай,

Қоңыр салқын,

Малға жай.

Шөбі жұмсақ-ай шаруа, шөбі

шүйгін, ахау,

Бағланы мыңғырған жер жетпейді-ай,

Қоғалы – ай,

Қоңыр салқын,

Малға жай.

Маусым-мамыр-ай болғанда,

маусым-мамыр, ахау,

Мал құдықтын су ішер абыр-сабыр-ай,

Қоғалы – ай,

Қоңыр салқын,

Малға жай.

Самал соқса қызылдан ақ дауыл

мен, ахау,

Күн қызады, жер бусап, жасыл

адыр-ай,

Қоғалы – ай,

Қоңыр салқын,

Малға жай.

Қалқатайдың дауысы - ай!

Аралаймын ауылыңды тарланменен,

Қараймысың, қасыңа барғанменен.

Ойнамайын, күлмейін десем дағы,

Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:

Тайбурылдың шабысы-ай,

Сәйгүліктің дыбысы-ай.

Көкейімнен кетпейді-ай,

Қалқатайдың дауысы-ай.

Бетер деймін, ендеше, бетер деймін,

Осы бүгін көңіліңді көтер деймін.

Осы бүгін көңіліңді көтермесең,

Ойнағаның, күлгенің бекер деймін.

Қайырмасы:

Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,

Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.

Өлең айтпай біз қалай отырамыз,

Сіздер менен біздер боп жолыққасын.

Қайырмасы:

Автор:
Айдарды жүргізуші Ырыс АҚАДЫҚ. К.Р.А.