Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қымыз кәмпитке айналды


22 апреля 2011, 07:51 | 1 948 просмотров



Еуропадан ерекше хабар жетті. Бельгиялық белгілі кондитер Давид Маенхаут қазақтың ұлттық сусыны - қымыздан шоколад жасап шығарыпты. Мұндай кәмпиттер жылқы бейнесінде безендірілген екен. Айрықша дәмді шоколадқа сұраныстың жоғарылығы соншалық, Давид тапсырыстарын орындап үлгермей жатқан көрінеді...

Жаңа шоколадтың орауын шешсең болды, қымыздың танау жарар иісі бұрқ етеді екен. Оған кондитер апельсин шырынын қосыпты. Қос иістің «дуэті» жаңа кәмпиттің дәмін тіпті де керемет еткен сыңайлы, көзкөргендердің айтуынша. Давидтің өзі 2005 жылдан бері жеке дүкен ашып, кәмпит жасаумен айналысып жүрген шебер. Шаруашылығына жылқы сүтін пайдалануы бірінші мәрте екен. «Қымыз кәмпиті әрі дәмді, әрі денсаулыққа пайдалы», - дейді Давидтің өзі.

Батыс бізге «бәрекелді» дегізуден жалығар емес. Дейміз де, өзімізге қарап бармағымызды тістейміз. Өйткені «Қара жор-ғамыз», күйіміз, қазымыз Қытайда Гиннесс рекордына кіріп жатыр. Қымызымыз да, міне, шет мемлекеттердің сусынына айналып барады. «Әттең...» демеске лажымыз қайсы?..