Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ОНКООРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ


22 апреля 2011, 07:52 | 1 699 просмотров


Аталған орталық қай қалада салынатындығы әлі толық белгісіз. Бірақ, посткеңестік елдерде жоқ ірі құрылыс небәрі үш жылда бой көтеріп, пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Бүкіл әлем болып қатерлі ісікке қарсы күресейік» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры Жеткерген Арзықұлов хабарлады.

Орталық Алматы немесе Астана қаласында салынады деген ұсыныс бар. Оның жобасын Оңтүстік Кореялық мамандар жасамақ. Естеріңізге сала кетейік, «2011 жыл Қазақстандағы Оңтүстік Корея жылы» болып белгіленген. Бүгінгі таңда аталмыш мемлекет қатерлі ісік ауруымен күресте әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер санатында. Ғалымдар дәрілік препаттар жасап, зертеу жұмыстарын жүргізуде, озық технолгияларды іс жүзіне асыруда. Уақыт талабына толық жауап беретін оркологиялық орталықтың құрылысы оңтүстік кореялықтар енші-сінде. Бұған тартылар инвестицияның көлемі 300 миллион АҚШ долларын құрайды.мұның сыртында кореялықтар құны 4 миллион доллардан астам қаржыға диагностикалық қондырғылар орнатады. Еліміздің әртүрлі аймағынан 60 –тан астам маман Оңтүстік Кореяда білімдерін шыңдайды,-деді басқосуда Жеткерген Арзықұлов.

2050 жылға дейін әрбір екінші адам онкосақтық есебенде тұратын болады,-деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ғылым және адам ресурстары департаменті бастығының міндетін атқарушы Раушан Исаева. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша 2020 жыл қарсаңында рак ауруымен ауратындар саны екі есеге ұлғаяды.

Бұл проблеманың маңыздылығы мен жаһандығын ескеретін болсақ, бұл басқосудың маңызы зор. Онкология ауруын бастапқы кезеңде анықтағанның маңызы өте зор. Соңғы бес жылда бұл бағытта оңды қозғалыс байқалады. Біздің бақылауымызша осы кезеңде қатерлі дертке шалдыққандар саны 13 пайызға төмендеген,- деп атап өтті Раушан Исаева.

Автор:
«Панорама» газетінен аударған Ырыс КЕНЖЕ.