Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОБА ІНДЕТІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕН АЛҒАШҚЫ


22 апреля 2011, 07:54 | 3 649 просмотров



(Соңы. Басы өткен санда).

«Бағымызға қарай басқа науқас болмады. Сорокинді құлан таза жазып жібердік. Дегенмен пионер лагері жақсы жөндеуден өтіп көркейіп қалды.

Сорокиннің жазылып шығуы өте сирек кездесетін жаңалық болды. Ол кезеде КСРО бойынша өкпе обасына шалыдыққан науқас тірі қалмайтын еді. Оның үстіне науқас пен бетпе -бет араласқан 23 адамның бірде біреуі ауырмай аман қалды. Міне, осының бәрі біздің эпидемияға қарсы күресіміздің жеңіспен аяқталуы болды.

Мен осы саланың маманы болғандықтан тек ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып, нұсқау берумен ғана болдым.

Нағыз қиын да, қауіпті еңбек Дмитров-ский басқарған емдеу тобы, Қарқынбаева Роза , Дербенева Светлана сияқты дәрігерлердің еңбегі болды. Бұлар ыстық күнде іші қапырық кішкентай бокста обаға қарсы I- тип костюм киіп, күніне бірнеше рет кіріп, науқасты бақылап, керек ем-домдарын тағайындап отырды. Ал сол үш дәрігердің тағайындаған ауызбен ішетін, етке салатын, тамырға жіберетін дәрілерін дер кезінде жасап отырған, оның үстіне науқастың қызуын сағат сайын өлшеп, күндіз-түні бірінші тип костюммен бір айдай жұмыс істеген фельдчер Ормышева Гүлнәрдың еңбегі ерекше .

Сорокин әбден жазылып оба микробынан толық тазарған соң ғана карнтин бітті. Ол бір айға созылды. (1. 6- 30.6) Содан кейін Соркинді тағы да аудандық ауруханада 10 күн жатқызып, ағзасын қуаттандыратын ем-домдарын жасап, аман-есен үйіне қайтардық. Бұл бүкіл елімізге абырой болды. Ал біз үшін шыңдау- шынықтыру сынағы болды. Өз басым, осы 35 жыл жасаған еңбегімнің бірден-бір нәтижесі осы деп ұқтым және нағыз чумолог екеніме іштей мақтандым.

Оба ошағының бастығы болғандықтан ауданның бірінші хатшысынан бастап осы іске жауапты басшылар менің нұсқауымды сөзсіз орындап отырды. Менен дәрежелері әлде қайда жоғары тұрған адамдар : Құрманәлиев Сауытбек райкомның бірінші хатшысы. Аймақов Жанат райсполкомның төрағасы, Есімқұлов Тұрлан ауданның бас дәрігері, Айманәлиева Айман ауданның СЭС бас дәрігері. Несіпбаев Ұзақбай аудандық ветеренария лаборатория бастығы, Нұртаев Ләтіп ауданның байланыс торабының бастығы, Ішбекбаев Алик аудандық ІІБ бастығының орынбасары, және де барлқ ауыл совет төрағалары мені тыңдап, бұл істің өте маң-

ызды екеніне зор мән беріп, жоғары дәрежеде ұйымшылдық көрсетті. Бұл адамдардың кай-кайсы болса да өз міндеттеріне аса жауапкершіліпен қарайтын, өте парасатты жандар екен. Егер сол кезде ауданның бірінші басшылар Сауытбек Құрманәлиев, Жанат Аймақовтар жауапты адамдарды аса шеберлікпен ұйымдастыра алмағанда, эпидемияға қарсы күрес жұмыстарымызда бір кемшіліктер кеткенде, 40 жылдан кейін Балқаш ауданында 1949 жылғы оба қырғыны қайталануы әбден мүмкін еді. Мен сондай парасатты өте қабілетті, адамдармен жұмыс істегеніме мақтанамын.Оларға мың қайтара алғыс айтамын.

Тәуелсіз елдегі алғашқы дағдарыс.

1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Енді егемендік алып ұзақ армандаған еркіндікке қол жетті. Бірақ 1991-1996 жылдар нағыз дағдарыс жылдары болды. Бұрынғы мемлекеттік мекемелердің көбісі жабылып, адамдар жұмыссыз қалды. Жұмыс істеп жүрегендердің өзі 2-3 ай еңбек ақыға жете алмай, халық әбден қиналды. Мекемелерге мемлекет тарапынан суға, жарыққа, жылуға түсіп тұратын ақшалар кешіктіріле берілді. Бұл әсіресе қыс кездерінде тығырыққа тіреді. Кейбір мекемелердің жылу жүйесі істен шықты. Әсіресе бала-бақша, ауруханалар, мектеп көп зардап шекті.

«Елу жыл бойы жалақымызды да, барлық комуналдық төлемдердің бәрін, тіпті көмірдің өзін сонау Кузбасстан тасытып беретін Мәскеуден қол үзген соң, халіміз мүшкіл болды. 1993 жылы біздің обаға қарсы күрес мекемелердің бәрі СССР денсаулық сақтау министірлігінен Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігіне көшті. Бұларда бізге көпке дейін көмектесе алмады. Әкімшілкке күнде жиналып, осы қиындықтарды ғана талқылайтынбыз. Бірақ ешкімге ешкімнің көмек беруге мүмкіндігі жоқ. Әркім өз күнін өзі көруге, тығырықтан шығудың жолын өздері табуға тиіс болды.

Сол кезде қазақ жерінде тұрған немістер өз тарихи отаны Германияға кетіп жатқан. Оларға тіл үйрету мақсатымен германиядан келген көмекпен «немецкии дом» деген қоғамдық ұйым жергілікті неміс тілі мамандарымен сабақ жүргізетін ғимараттарды жалдайтын еді. Бұрын мектептерде өтетін екен. Олар суық болғандықтан, біздің қызыл бұрыш деген бөлмемізді 30000 теңгеге жалға алды. Бұл бізге күн көрудің бірден-бір көзі болды. РайПО дан Чехословакиядан шыққан бензинмен жанатын электрстанцияны 32000 теңгеге сатып алдық. Келесі айда тағыда сол 32000 теңгеге бензин, көмір, сатып алып, суға да төлеп, жылу жүйемізді де іске қостық. Бірақ та элетр станцияның қуаты төмен болғандықтан, қазандықпен тек тұрғын үйлерді, лабораторияны, питомникті және әкімшілік кеңсесін ғана жылытуға мүмкін болды.

Енді ең қиын мәселе гаражды жылыту . Өйткені ол 5 бокстан тұратын өте үлкен ғимарат. Гараж жылы болса автокөлітер үнемі жұмыс жағдайында болады. Ол дегеніміз бір жақтан оба науқасына күдікті деген телеграмма келсе, телефон түссе, сол жерге екі сағаттың ішінде жетуіміз керек. Бұны да шештік.. Әрбір боксқа темір пеш «Буржуйка» қойып, оны күндіз түні үзбей сексеуілмен жақтық. Енді сексеуіл тасу керек болды. Оған тағы бензин керек, өйткені сексеуіл алатын жер Бақанастан 70-80 км қашықтықта, сөйтіп күніне жігіттер кезекпен екі машинамен сексеуіл әкеледі. Бір машина сексеуіл бір тәулікке де жетпейді. Өйткені, түнде 3 адам, күндіз 2 адам, кезектесіп пешіті 24 сағат үзбей жағып отыру керек. Кейде түнде кезектегі жігіттер ұйықтап қалама деп өзім тексеріп аралап жүретін едім.

Сол кезде ұжым ерекше ұйымышыл болып, бар жұмысты бірдей жұмылып істеді. Мысалы бұрын қарды тек еркетер ғана күресе, енді ондай жұмыстарды әйелдер атқаратын болды. Ал ерекектер жұмысшысы да , дәрігері де , зоологы да жоғары білімді мамандықтарына қарамастан бәрі отын -көмір тасып, от жағып, отын жарып, қайткенде де бөлімше ғимараттарын қатырып алмаудың шарасын істеді. Жұмысшылар қырға сексеу-

ілге кеткенде дәрігерлермен зоологтар көмір қоймасынан, көмірді машинаға колмен тиеп, колмен түсіріп, қазандықты көмірмен қамтамасыз етіп отырды. Өйткені жұмыс қолы жетіспейді. Мысалы бұрын 3 от жаққыш кезегімен Кузбасстың өте сапалы көмірімен бүкіл қалашықты жылытып отыратын. Енді 3 адам от жақса , 4 адам көмір тасумен болды. Гаражды жылыту үшін 6 жұмысшы кезекпен отын жарып, от жағады,

4 адам күнде сексеуілге барады.

Сонда біреуі мынау менің жұмысым емес, оны істеуге міндетті емеспін деп уәж айтпады. Бәріне төзіп, бәріне түсіністікпен қарап, бір жеңнен қол , бір жағадан бас шығарып жан тасласа еңбек етті.

Сол жұмысшыларыма, маман қызметкерлеріме, әйелдерге, еркектерге бәріне-бәріне бас игім келеді. Сөйтіп бір де бір батареяны жармай қыстан аман шығып жүрдік.

Ал көктем шығысымен өзіміздің негізгі жұмыстарымызға , обаға тексеру жұмыстарын жоспар бойынша жүргізе беретінбіз. Бұған ешбір кедергі жоқ еді. Мәскеуден келген құрал-сайман, төсек-орын, киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты қажетті жабдықтардың бәрі жеткілікті болды. Оларды тағы да көп жылдар пайдаландық. Осылардың арқасында бөлімше жұмысы тоқтамады. Мұндай обаның ең белсенді ошағында отырып, оны бақылауды бір сәтке де тоқтатуға хақымыз жоқ еді.»

Осы 35 жыл еңбек жолында кейіпкеріміз өте күрделі үш қиындықты бастан өткізеді. Біріншісі, 1964-70 жылдардағы жоқшылық пен жетіспеушілік, бұлар бүкіл аудан көлеміндегі қиындықтар еді. Осыжылдары ауданда жол жоқ, элетр жарығы жоқ, су жоқ, телефон тек комутатор арқылы ғана байланыс. Осының барлығы жұмысқа кері әсерін тигізетін.

Екінші қиындық» оба ауруымен бетпе-бет келген бір айлық каранатин еді.

Үшінші қиындық» егемендікке қол жеткен жылдардағы дағдарыс. Осы үш қиындықтардан бөлімшені аман есен алып шығып, оны білікті маман Әліпбаев Айдарға өткізіп, Күлжахан апай 1998 жылы еңбек демалысына шығады.

Елу жылда «ел жаңа

«Елу жылда ел жаңа деген қазақтың сөзі рас екен. Мен 1964 жылы келгенде , мұнда 60 адам жұмыс істейді екен, оның ішінде штат бойынша 4 дәрігер, 4 зоолог екен. Сол 60 адамның ішінде 3 қазақ бар екен. Олар: лаборант Теңізбаев Жанқожа, дизинфектор Әлімқұлов Исак және күзетші Жанбатырова Күләй апай еді. Мен, төртінші қазақ және қазақ қызынан шыққан алғашқы және соңғы обаға қарсы күрес маманы болдым. Менен бұрын да, менің кезімде де, болған бастықтар да дәрігерлер де, тек орыс ұлтынан және ер адамдар болды. Өйткені біздің саламыз белгілі бір режимге сүйенетін, жартылай әскери тәртіпте құрылған мекеме. Өйткені оба микробы стратегиялық қаруға жатады ғой. Сондықтан бұнда қатаң ереже сақталады. Қатаң тәртіп болу керек. Ал қазір 60 жылдан кейін бөлімшеде 30 адам жұмыс істейді. Оның ішінде екеуі ғана басқа ұлт өкілдері. Олар дәрігер бактериология зертханасының меңгерушісі В.В Силантьев, және дизенфектор Рупп Андрей. Басқасның барлығы қазақтар.

1964 жылы тек жоғары білімді мамандар, дәрігерлер мен биологтар орыстан ғана шығатын. Қалған қызметкерлердің бәрі 98% неміс ұлтынан болатын. Бұл кісілер өте еңбек-

қор ұқыпты адамдар еді. Бұл кісілерден мен көп нәрсе үйрендім. Бұл адамдардың барлығы басқа ұлт болғанымен, оның үстіне менен бұрынғы бастықтардың бәрі орыстар болғанына қарамастан маған жатырқамай, сыйластықпен қарады. Өте жақсы тіл табысып, жұмыс істесіп кеттік. Мамандығымызға, дәрежемізге қарай бөлінбей өз жұмысымызды да, ауылшарушылықтарға көмекке барғанда да, сенбіліктер немесе басқада қоғамдық жұмыстарды бүкіл ұжыммен жүріп атқаратын едік. Біздің ұжымның соншалықты ұйымшылдығына, аудан басшылары да, басқа мекелерде қызыға қарайтын.

Оба індеті туралы не білеміз?

Республикалық СЭС мәліметтері бойынша бұрынғы Кеңес Одағындағы оба жөнінде сәтсіз аумақтың 51%-ға дерлігі Қазақстанның үлесінде,обаның табиғи ошақтарының ауданы 1млн. шаршы километрден асады. Жыл сайын, алдын алу мақсатында, обаны жұқтырушылар – бүргелерді жою жұмыстары 600 шаршы километр аумақта жүргізіледі.

Қазақстанда жыл сайын обаны жұқтыру қаупі жоғары 120 мыңға жуық адам егіледі, соның ішінде, жұқпалы аурудың табиғи ошақтары аумағында орналасқан өндіріс кешендері мен мұнай кәсібінің қызметкерлері де бар. СЭС ақпараты бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына күн сайын 2 мыңға жуық оба оқиғасы жөнінде хабар келіп түседі. Азия елдерінің үлесінде ауырудың 60,3%, Африканың – 24,6%, АҚШ пен Оңтүстік Американың - 15,2%. Азияда обамен аурудың шарықтау шыңы 1994 ж. байқалды, ол кезде 1228 оқиға тіркелді.1994 ж. Индиядағы эпидемия кезінде обаның 876 оқиғасы тіркелді.

Обаның кеміргіштер ауруы екендігі белгілі. Ауру тышқанды шаққан бүрге түйені де шақса, онда малға ауру жұқты дей беріңіз. Түйенің иесі ауырып тұрған жануарды арам өлтіріп алғысы келмей, сояды да, етін сатады. Содан оба түйені сойған, етті жеген адамдарға жұғады. Обаға қарсы күресетіндердің жайбарақат күні жоқ. Оба індетінің табиғи ошағы саналатын Балқаш ауданыда көктем лебімен бірге ін аузынан шығатын құм тыш-қандары көрінісімен зоотоптың жұмысы басталады. Барлық жердің тышқандары обаны таратпайды. Сол табиғи ошағы бар жерлерде мекен ететін құм тышқандары ғана. Тышқанның қанын сорған бүрге, адамды шақса обаны жұқтырады екен. Балқаш ауданында сексеуіл өседі. Негізінен сол сексеуілдің арасынада жүретін тышқандар обамен ауырады, содан бір-біріне жұқтырады. Ал адамға негізінен сексеуіл жинайтын, құмға баратын малшылардың шалдығу қаупі бар. Дәрігерге көрінген науқасқа диагнозды дұрыс қою үшін мамандарды оқытылады. Соның арқасында дәрігерлер мен медбикелер обаға шалдыққан адамды бірден біліп, дер кезінде хабарлайды. Егер уақытында анықталса, оба жазылатын ауру. Сондай-ақ емдеу орындарының барлығы жазғы-көктемгі маусымға дайындалып, мұқият тексеріледі. Күлжақан Әмірбекқызының айтуынша, Қазақстанда оба ошақтары: Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік қазақстан облыстарымен Алматы облысының бұрынғы Күрті, Балқаш және Нарынқол аудадарында орналасқан екен.

Обаға қарсы күрес станциялары: Қызыл-

орда, Шымкент, Маңғыстау, Орал, Атырау және Талдықорған қалаларында орналсақан. Олардың әр қайсында екі -бес бөлімшелер бар. Олар бүкіл оба ошақтарын, түгел зерттеп бақылауда ұстап отыр. Оба індетінің бес түрі бар: тері, ішек қарын, без, өкпе және қан обалары. Тері және без обасы тышқан, бүрге, кененің қай жерінен шаққанына байлансыты жұғады. Аяқтан шақса шап бездері іседі, қоладан немесе мойыннан шақса қолтық бездері ісиді. Өкпе обасы: Тышқан ініндегі шаң тозаңды, сол маңдағы шөптерді, сексеуілді жинағанда шаңмен дем алап оны жұтқанда жұғады. Немесе без обасы асқынып өкпеге шабуы мүмкін. Қан обасы: егер бүрге, кене бірден қан тамырынан шақса, немесе без, өкпе обалары асқынып қанға кетіп қалғанда болады. Ал қан обасынан науқасты тез арада емдемесе, екі сағаттың ішінде өліп кетеді.

Оба адамнан адамға көп жолдармен жұғады: өкпе ауруымен ауыратын науқас түшкіргенде, жөтелгенде, сыртқа мыңдаған оба микробын таратып, айналасындағы адамдардың бәріне қауіпті. Сол науқас пайдаланған заттарының бәрі оба ауруының бірден бір көзі болып табылады. Науқасты күтіп қарағанда немесе обадан өлген адамды жууға қатысқанда оба жұқтырады. Обаның қай түрі болса да науқастың қызуы өте жоғары болады. Көздері қанталап, бастары айналып, өте қатты ауырғандықтан, адам мас сияқты теңселіп жүреді. Мал ішінен обаға шалдығатын түйе дедік қой. Обамен ауыратын түйені тез сойып, оның етін таратып жіберу ең қауіпті нәрсе. Түйе союға қатысқан адамдар да, оның етін жегендер де барі обамен аурады. Кез келген аурудан өлген түйеден, зертханаға тексеретін материал (өкпе, бауыры бездерінен, жүрегінен ) алған соң, қаңқасын күл қалғанша өртеп жібереді. Түйенің қаңқасында оба микробы бір жылға дейін сақталады.

Табиғи ошақты түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес, далада, құмда, сексеуіл орманның арасында, қаптап жүрген оба таратушы тышқандарды мүлдем жойып жүберу ешкімнің қолынан келмейді. Егер елді мекендердің маңынан ауру тышқандар табылса, сол аймақтағы тышқандарды, бүргелерді жойып, залалсыздандырып отырады. Қолдан келетін осы ғана.

Күлжақан апай 60 жасқа келгенде зейнетке шықты. Отыз бес жыл бойы еңбек етіп, атаққа да, мақтауға да ие болыпты. Оның көбін Мәскеуден өзінің бас мекмесі Талдықорған обаға қарсы күрес станциясынан алыпты.

«Отличник здровахранения СССР», «Отличник гражданской обороны СССР», «Ветеран труда» деген марапаттарды Мәскеуден алса, 1993 жылы 8-желтоқсанда тәуелсіздік күніне арналған құттықтау телеграмманы ҚР президенті Н.Назарбаевтан алыпты. Дәл осындай құттықтауларды облыс әкімдері З.Нұрқаділов, С.Үмбетовтен алды. Өз мекмесі Талдықорған обаға қарсы станциясы көптеген сый-құрмет көрсетіп отырған. Зейнетке шыққанда мекеме бастығы Сапожников Валерий Ивонович тіпті үй де , машина да сыйлапты. Қазір де өзі өмір бойы еңбек еткен, өзі ірге тасын қаласқан, гүлдендіріп көркейткен қалашығында Әліпбаев Айдар басқарып отырған ұжымның ортасында бақытты өмір сүріп отыр екен. Бір өкініштісі, бұрын соңды болмаған өкпе обасына шалдыққан науқастың өмірін сақтап қалып, онымен бетпе- бет келген 23 адаманың бірде- біреуіне оба жұқтырып алмай қорғап қалғаны үшін, Мәскеуден Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы Балқаш ауданының әкімшілігіне, «Республикаға еңбегі сіңген қызметкер» деген атаққа ұсыну туралы өтініш, құжат жіберіліпті. Ол құжат төрт жыл шаң басып жатыпты. Ол өзінен-өзі жасалатын шығар деп апай бірде-бір рет сұрау салмапты да. Бірақ сол құжаттарды қабылдап алып, оны тиісті адамдарға таныстыруға міндетті қадрлер бөлімінің бастығы Смағұлов Сайранға кездейсоқ кездесіп қалып, сол құжаттың тағдыры не болды деп сұрапты. Сонда ол апайға «өндірістік эфективность» болу керек деп жауап қайтарыпты. Демек, «өндірістік эфективность» жоқ деп шешіп , столының тартпасында қалдыра берген екен.

«Мен күрішші емеспін, 40 центнер орнына 80 центнер жинайтын,

Немесе қойшы емеспін, 100 қойдан 120 қозы алып жоғары көрсеткішке жететін. Біздің мекеме 50 жыл бойы Балқаш ауданының халқын оба індетінен сақтап келді». Расында да, бұл көзге көрінбейтін, процентпен өлшенбейтін нәтиже шығар. Бұдан артық «эфективность» бола ма?! Бірақ, кейбір шенеуніктердің адам тағдырын процентпен, цифрлармен ғана өлшейтіні өкініш-ақ.

«Омырауыма сол медальды тағып жүрмесем де, Балқаш ауданының халқы мені таниды. Сыйлайды. Бағалайды. Бір мерекелік шаралар болып жатса, әкімшіліктен үнемі сыйлап шақырып жатады. Оның үстіне аудандық Қонаев атындағы өлке тану музейінде, ауданға еңбегі сіңген адамдар қатарында суретім де ілулі тұр. Соған қарап кішкентай болса да, халыққа еңбегім сінген екен ғой деп іштей мақтанып отырамын»» дейді Күлжақан апай.

Мен өзімді бақытты жандар қатарына не үшін қосамын? Оның жауабы:

•Ата -анамнан ерте айырылып, жетімдік көрсем де, жақсы адамдар жанымнан табылып қамқор болғаны үшін;

•Кеңес өкіметінің арқасында жақсы білім алып, халқыма адал қызмет етуге мүмкіндік болғаны үшін.

•Тоқсан сегіз пайыз басқа (орыс, неміс) ұлт болғанына қарамастан, мені құшақ жайып қарсы алған көп ұлтты ұжымым үшін. Білмеген жерлерімді үйретіп, қиын қыстау кездерде ақылдарын қосып, мекеменің дәрежесін үнемі алға сүйреп, отырған ұжымда жұмыс істегенім үшін;

•1989 жылы бірінші оба аурумен бетпе -бет келгенде, халық алдындағы міндеттерім, дәрежелерінен жоғары қоятын, өте парасатты, адамдармен қоян қолтық жұмыс істеп, олардан қолдау тапқаным үшін. Балқаш ауданының халқы мені кез келген жерде танып, еңбегімді бағалап, жылы сөздер айтатыны үшін.

•Көп жыл бұрын зейнетке шығып кетсем де, Айдар Әліпбаев бастаған бұрынғы ұжымым, әлі құрметтеп сыйлап, қажет болса көмектерін аямай отырғаны үшін.

•Жақсы адамға жар болып, мейірімді, білімді, қамқор балалар өсіріп, олардан сүйкімді, жанымнан да тәтті немерелер сүйіп отырғаным үшін.

Міне, мен өзімді осы себептер үшін бақытты деп санаймын.

Құдайға, шүкір, балаларымның арқасында ешбір қиындық көріп отырған жоқпын. Гипертония ауруына кәсіби пневмосклероз, кәсіби панкратит деген аурулар қосылып жиі науқастанып қаламын. Оның үстіне жас та келді ғой. Отыз бес жыл еңбек стажыма кәсіби аураларды да қосып ала кетіппін . Сондықтан балаларым, жылына 2-3 рет ең жақсы клиникаларға жатқызып, білікті дәрігерлерге емдетіп тұрады. Мұндайда , әсіресе, келінім жүгіріп жаны қалмайды. Ол, айналайыныма, өте ризамын!

Қазір халықты 3 топқа бөлуге болады: байлар, орташалар, кедейлер. Біз орташа топ-

қа жататын сияқтымыз. Балаларымның жұмысы бар, еңбектері мен тапқан табыстары күнделікті қажеттілікке жетіп жатыр. Ендігі тілейтінім, балаларымының амандығы, елімнің тыныштығы!!!

Сіз осы жолды таңдағаныңызға өкінбейсіз бе?- деген сұраққа біздің кейіпкер ойланбастан былай жауап қайтарды : «Өкінбеймін. Қайтадан маған өмір болса, қайтадан дәл осылай өмір сүретін едім. Оның ішінде осы обаға қарсы күрес маманы болғаныма өкінбеймін. Біз оқып жүріп Гипократ антын бердік қой. Біз керек еткен, біздің көмегіміз керек жерде аянбай еңбек етіп, керек болса өз өмірімізді де беріп істеуге ант бердік. Өткен өмірімді ойлай отырып, сол антыма берік болған сияқтымын! Өмір сүру дегеніміз тынымсыз алға ұмтылу, бақыт еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну екен ғой деп ойлаймын! »

Ой түйін.

Өзі туралы ғана ойлап, бар нәрседен өзінің бас пайдасын іздейтін адам бақытты бола алмайды. Бақыт әрбір адам ұмтылатын мақсат. Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну үлкен бақыт. Бақыт әрдайым батыл адамның жағында жүреді. Өзінің алдына үлкен мақсат қойып, оны орындауға барлық күшін жұмсаған адам ғана шын мәнінде бақытты бола алады. Кейіпкерімізбен өткізген әңімеден түйген осы ойымызға мына сөз де дәлел іспеттес.

«Бақыттың мәні парасаттылыққа, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.»

Әл-Фараби

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА, өз тілшіміз. Алматы-Бақанас-Алматы.