Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дәрігерлік қателіктерді болдырмауға бола ма?


22 апреля 2011, 08:00 | 2 210 просмотров



Осы тақырыпта «Амансаулық» қоғамдық қорының баспасөз клубында кезекті басқосу өткен-ді. Бұл жүздесуге журналистер қатарында сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдардың, денсаулық саласында қызмет атқаратын заңгерлер болды.

-Шындығына жүгінейік, бүгінгі таңда дәрігерлік қателікті «Феномен» терминіне телуге келе қоймас. Себебі, медициналық қызмет көрсетуде келеңсіз жағдай күнделікті орын алып жатады,- дейді өз сөзінде «Амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. - Біздің мақсат «Кім кінәлі және не істеу керек», Елімізде адам денсаулығына зиян келтірген медицина қызметкеріне қолданыл-

атын қылмыстық немесе әкімшілік заң бар ма?», «Медициналық қызмет көрсету сапасына кім жауапты?» деген сауалға бірлесе жауап іздеу,-деп атап өтті қор басшысы.

-Соңғы кездері дәрігерлік қателіктер турасында көп айтылып жүр,-деді сөз алған Алматы қалалық медициналық бақылау және фармацевтикалық қызмет комитетінің директоры Әлия Рустемова. - Дей тұрсақ та, бұл ретте емделушінің сауатсыздығы мен жауапсыздығы жайы ескерілмейді. Өйткені, нау-

қас ауруының асқынған шағында ақ халаттылардан көмек сұрап келеді. Ауруды емдеу, оны қатарға қосу әлбетте дәрігер үшін қиын. Содан барып науқас түрлі жерлерге арыздана бастайды,- деп түсіндірді ол.

Заң ғылымдарының кандидаты Альмира Жаппарова дәрігердің қателігіне нүкте қоятын сот деп түсіндірді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде атап көрсетілгендей медицина қызметкері жұмыс бабында бірнеше кәсіби қателіктері үшін жауапқа тартылады.

Адвокаттар форумының төрағасы Таир Назханов өз сөзінде сот және тергеу органдары қызметкерлерінің медицина саласы бойынша білімдері саяздау екендігін тілге тиек етті. Оның дерегіне жүгінсек, хирург, акушер-гинеколог, терапевт, педиатр және жедел жәрдем көрсету қызметкерлері үстінен шағым жиі түсетін көрінеді. Тиісінше осы кәсіп мамандары көп ретте жауапқа тартылып жатады екен.

Жиынды қорытындылаған «Амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түмен-

ова дәрігерлік қателіктің үш факторын атап өтті. Біріншісі – дәрігердің кәсіби біліктілігінің төмендігі мен науқасқа дұрыс көңіл бөлмеуі. Бұл ең маңыздысы. Естен шығармайтын кезекті мәселе – ол науқастың өз денсаулығына жауапсыз қарауы. Үшіншісі – «дәрігер-нау-

қас» арасындағы құқықтық сауаттылық болу керек.-деп қорытындылады сөзін Түменова ханым.

Автор:
Тау ШҰБАР