Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АУЫЛЫМ ӘНІМ


15 апреля 2011, 07:51 | 3 078 просмотров


Бұл әнді Қазақстан республикасының халық әншісі Мақпал Жүнісова сахнаға шығарғанын баршамыз жақсы білеміз. Ән өз тыңдармандарын тапты. Әнде өмірдің соншалықты қымбат екендігімен бірге, сол өмірдің соншалықты қысқа екендігі баяндалады. «Атадан, таяқтан, сағаттан, әжімнен... қорқам» дегенде адамның қартаюы, ендігі жерде жаратушымыз берген көп күнінің өзін бекер өткіздім ба деп сезік алуы да сондықтан ба дерсің. Күлімдеген көздің оты өшеді-ау дегенінде жарық дүниемен қоштасудың уақыты таяп қалды ма дерсін. Кезекті әнге берелік. Онда бәрі баяндалады.

Өмір,

қымбаттысың маған

Өлеңін жазған Т. Молдағалиев

Әнін жазған Ж.Заманбеков.

Ақ шашты кейде атадан қорқам,

Өзім де сондай боламын-ау деп.

Мүрделер жатқан жотадан қорқам,

Бір күні сонда қаламын-ау деп.

Сықырлаған таяқтан қорқам,

Оны да қолға аламын-ау деп.

Тықылдаған сағаттан қорқам,

Бір күні тоқтап қаламын-ау деп.

Лап етіп өшкен сезімнен қорқам,

Түбіме бір күн жетесің-ау деп.

Күлімдеген көзімнен қорқам,

Оның да оты өшесің-ау деп.

Ақ жүзге түскен әжімнен қорқам,

Бір күні бетіме көшесің-ау деп.

Бәрінен кейде өзімнен қорқам,

Көп күнім бекер өтесің-ау деп,

Кетесің-ау деп.

Күт мені

Өлеңін жазған Т.Рахымов

Әнін жазған Е.Белғозиев.

Танымаймын, білмеймін есіміңді,

Сен ол үшін бола гөр кешірімді.

Таңертең бе, кешке ме, түнде ме әлде,

Әйтеуір, бір қағамын есіңді.

Жабырқаған жүзіңді қадап маған,

Үміттің секілді әлі таңы атпаған.

Аққу ма едің тағдырдың оғы тиген,

Саған онда самғайтын қанат болам.

Танысармыз, білерсің есімімді,

Көптен бері болып ем кешігулі.

Дүрсілімен алқынған жүрегімнің,

Қағып тұрмын мен сенің есігіңді.

Автор:
Айдарды жүргізуші Ырыс АҚАДЫҚ. К.Р.А.