Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ГЕМОФИЛИЯ КЕЗІНДЕГІ ОРТОХИРУРГИЯ


1 апреля 2011, 07:46 | 1 845 просмотров


ЖОҒАРЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ПЕН

ДИАГНОСТИКА

Гемофилия — қанның ұюымен байлынысты тұқым қуалайтын ауру. Жай жарақат кезінде немесе аяқ астынан бұл науқастардың буындарына, бұлшық еттеріне және ішкі органдарына қан құйылады. Гемофилияның ауыр түрінен зардап шегетін науқастар буындарға (гемартроз), бұлшық ет тіндеріне (гематома) жиі қан құйылғанның салдарынан мүгедектікке ұшырайды.

Х-хромосомасындағы қай геннің өзгергеніне байланысты гемофилияның үш түрін ажыратады (А,В,С). Әдетте бұл аурудан еркектер зардап шегеді, ал гемофилияның гені рецессивті оның берілуі жынысқа байланысты болғандықтан, әйелдер ауру ұл балаларды немесе ауруды тасымалдаушы қыздарды дүниеге әкелетін тасымалдаушы ретінде болады.

Қазіргі уақытта ҚР гематологтернің есебінде 618 науқас тұр, оның 319-ы үлкен адамдар. 120 науқас буын қуыстарына жиі қан кету түрімен тірек-қозғалыс аппараттарының бұзылуынан зардап шегуде. Бұл нау-қастардың кейбіреуі өз бетінше қозғала алмайды, сондықтан да мүгедектер арбасы немесе балдақ сияқты көмекші құралдарды пайдаланады.

Ортопедия – тірек-қозғалыс жүйесінің, яғни сүйек тіндері, буындар, бұлшық еттер және перифериялық жүйке проблемаларымен айналысатын медицина ілімінің бір саласы. Бір қызығы, «ортопедия» сөзінің аталған құрылымдардың бір де біріне қатысы жоқ, ол гректің «орто» (түзу) және «педиа» (бала) деген сөзінен тұрады. Тура аудармасында «түзу бала» дегенді білдіреді. Десе де, гемофилия кезінде бұл шындыққа сәйкес келеді: ортопед баланың иілген аяқ-қолдарын түзетумен айналысады. Ал ортохирургия үлкендерді протездеумен және түзу жүруге оралтумен және өз бетінше қозғалтумен айналысады.

Автор:
Бетті www.vitashop.kz, www.season.kz, www.pacient.ru, www.wikipedia.org. материалдарын пайдалана отырып, әзірлеген Ырыс КЕНЖЕ.