Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОЙЫН ОЙНАП, ӘН САЛМАЙ, ӨСЕР БАЛА БОЛАМА?


1 апреля 2011, 07:52 | 5 541 просмотр


Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі - ақылды да саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім. «Тәрбие – бала дүниеге келген сағаттан басталады» деген сөздің жаны бар.

Ертеңгі біздің болашағымыз балаларға сол тұрғыда біліммен тәрбие беруіміз қажет. Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - деген екен. Олай болса, балабақша бүлдіршіндерді ата дәстүрін сақтайтын, инабатты да ибалы, үлкен –кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын, сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүние тану түсініктерінің кеңейуіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жеңіл әрі тез тіл табысуына көмектеседі. Ойын үстінде баланың қуанышы мен реніші көрінеді. Халқымыз ойындар-

ға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Ойын – баланың алдынан өмірдін есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын- тынысы кең, алыс-

қа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адам-

ға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе деп, балабақшада ұлттық ойындардың бірнеше түрін оқу үрдісінде, дене тәрбиесінде ертең-гіліктерде, спорттық жарыстарда кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындар мазмұнына қарай мынандай түрлерге бөлінеді: 1. Аңға байланысты ойындар. 2. Малға байланысты ойындар. 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындарға бөлуге болады.

1.Аңға байланысты ойындар:

•Ақсерек -көксерек

•Аңшылар

•Аңшылар мен қояндар

•Кірпіше қарғу

•Қасқұлақ

•Ордағы қасқыр

2.Малға байланысты ойындар:

•Аларман (қойға қасқыр шапты)

•Асау көк

•Соқыр теке

•Түйе мен бота

3.Түрлі заттармен ойналатын ойындар:

•Аққала

•Ақсүйек

•Алакүшік

•Алтыбақан

•Арқан аттау

•Арқан тартыс

•Асық

•Аттамақ

•Ауыртаяқ

•Батпырауық

•Белбеу тартыс

•Жаяу көкпар

•Жігіт қуу

•Қамалды қорғау

•Қыз қуу

•Орамал тастау

•Сақина жасыру

•Сиқырлы таяқ

•Тепе теңдік

•Тұтқын алу

•Түйілген орамал

•Шалма

•Шертпек

•Қимақ

•Дауыстап атыңды айтам

Автор:
А.А.АЛИМАНОВА, №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасының тәрбиешісі.