Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

“ЕЛІҢЕ ҚАЗАҚ ЖҰРТЫҢНАН НЕ АЛАМ ДЕП КЕЛМЕ, НЕ БЕРЕМ ДЕП КЕЛ”


1 апреля 2011, 07:56 | 2 052 просмотра



Немесе дәрігер Нұрбек Мутайұлы жайында сыр

Еліміздің атадан балаға жалғасып, ғасырлар қойнауынан қоржынға салынып бүгінгі ұрпаққа жеткен мынадай осиет сөз бар; «үш байлықтың біреуі, бірінші байлық денсаулық» деген. Өмірдің күнделікті тұрмыстағы әрбір болымды, болмыстың бәрі денсаулықпен тығыз байланыс-

ты екені баршамызға аян. Қоғамдық ортадағы экологияның қалыпсыздығынан, тұрмыстық азық-түліктен зақымдалуынан, дененің әлсіздігінен көптеген ауруларға кез болған жандар еріксіз шипагерлік қасиетінің тілсім сиқырына бағынады яғни ауруханалардан аурудан айығудың жолын іздейді. Міне осындай жанына ауруы батқан жандарға араша, жанашыр болып жұрген, дәлірек айтқанда еліміздің медициналық саласына өзінің ақ-адал еңбегімен, азаматтық борышын өтеп жүрген дәрігер Нұрбек Мутайұлы жайында сыр шертеміз.

Нұрбек ағаның емханасы Талдықрған қаласының Шевченко көшесінің бойындағы 81-үйде орналасқан. Шағын емхананың өзіндік үлесі мол екеніне емделуші жандарымыз өздерінің ризашылық ниеттерін білдіргенін көзімізбен көріп те үлгірдік. Емхананың іргетасы 2007-жылы қаланған, ал емхананың бас дәрігері Нұрбек Мутайұлы 1997-жылы тамыздың 10-күні Қытай халық республыкасында дүниеге келген. Мектеп табалдыр-

ғын аттағаннан бері білімге деген әуестігі бірден көзге түсіп, үздік оқушылар қатарында оқиды, орта мектеп құшағында жұргенде бойындағы дарынымен ерекшеленіп, өз еліне үлес қоссам деген ұлы арманымен Шынжияң медициналық университетіне оқуға түседі де, 1993-жылы озық нәтижемен оқуды тамамдап, Баркөл аудандық ауруханада ішкі аурулар дәргері болып қызымет атқарады. 2005-жылы қазақтың қара шаңырағы - отанымыз-

ға оралады.

Шипагерлік қасиетімен қазаққа қайырлы жол бастап жүрген Нұрбек ағамыздың айтуынша: «Тәуелсіздік туы желбіреген, еңсесі биік, рухы асқақ, терезесі тең, керегесі кең ата-жұртыма келуімнің мақсаты- өз еліме Алланың берген дарын қуатымен, бар жақсылығымды аямай жұмсап еңбек етсем »дейді, ол кісі тағы бір сөзінде Ел басымыздың ерлігін ескертті; “ Еліңе, қазақ жұртыңнан не алам деп келме, не берем деп кел ”деген асыл сөзі әсер етті дейді бас дәрігер бас шипагар ағамыз.

Ер мінезді, ұлттық намысы биік Нұрбек аға өз еңбегінің арқасында бой көтерген бұл емханада қазыр 6-7 адам жұмыс жасайды екен. Бұнда науқастарды қабылдау ешқандай қиындықсыз орндалады. Жарнаманы жанына жуытпаған қолы шипа дәрігеріміздің емін жұрт бірден жақсы қабылдап, аурулардан айығып кеткенін айтады. Төрт-бес бөлмеден тұратын бұл емханада барлық жағдай жасалған, осындай ыңғайлы, жанға жайлы емделетін орынның қаламызда орын тепкеніне қала тұрғандары алғыстарының шексіз екенін бізгеде айтып үлгерді. Күніне ең көп дегенде 60 адам, ең аз болғанда 20 адам қабылдайтын бұл емханада көбінде шөптен жасалған , Қытай және Қазақстан мемлекетінде заңды түрде руқсат алынып қолданылып жүрген өте құнды, сапалы дәрілер қолданылады екен.

Өлім мен өмір арасында арпалсып жат-қан ауруларды тамыр үстау арқылы емдеп жазған Нұрбек аға өз сұхбатында бізге былай баяндайды: « Тамыр үстап емдеудің бес мың жылдық тарихы бар, ал бұл емханада мен тамыр үстау арқылы Қытай медицниналық Yюқытай медицинасын негізі шығыс медицинасы деп атайдыZю мен Батыс медицинасын және Қазақ шипагерлігін бірлестіріп ауруларды жазамын» дейді.

Тамыр ұстау

Тамыр ұстауды және тексеруді қамтиді. Ұстап тексеру дегеніміз емшілер, оташылар сынықты, шыққан буынды ұстап көру арқылы диагноз ажыратады.

Тамыр ұстағанда, шипагер сол қол, ортан қол, аты жоқ қолдармен ауру адамның білегіндегі соқпа тамырды ұстайды. Тамыр ұстау орны қолдағы кәрі жіліктің басынан бір елі кейін яғни шипагердің сұқ қолы кәріжіліктің соқпақ орнынан бір елі кейін жерді ұстайды. Тамырдың қалыпты соғуы бір тыныс алғанда төрт болады.

1) Тамыр:

Тамыр ақырын ұсталса болғаны, тамырдың соғуы білінеді,

Бұл қөбінесе аурудың ішкі белгілерін білдіреді.

2) Шөкпе тамыр:

Ақырын ұстағанда анық білінбей, батыра ұстағанда ғана білінсе бұл көбінесе аурудың ішкі белгілерін көрсетеді.

3) Баяу тамыр:

Тамырдың соғуы баяу, бір тыныс алғанда 2 я 3 рет қана соқса, бұл көбінесе суықтық белгілерді білдіреді.

4) Шапшаң тамыр:

Тамырдың соғуы өте тез болады, бір тыныс алғанда 5 я 6 рет соқса, бұл көбінесе, ыстықтық белгілерді білдіреді.

5) Керме тамыр:

Тамыр қатайып бейне сабақ жібіндей керіліп тұрады, бұл көбінесе бауыр ауруын бейнелейді.

6) Сырғақ тамыр:

Тамырды ұстаған уақытта тамыр жұмырланып соғып, қан сырғанай ағады. Бұл көбінесе, өкпеде қақырық жиналғандығын; ас қортудың жақсы еместігін; жүкті болғандығын білдіреді.

7) Тебінді тамыр:

Тамырдың соғуы көбінде тебінді әрі күшті болады. Көбінесе кернеу белгілері байқалады.

8) Нәзік тамыр:

Тамырдың соғуы әлсіз, жіңшке жіптей болып білінеді. Бұл көбінесе әлсіздік белгілерін байқатады. Ал, бұдан басқа, емкостеріміз бен тамыршыларымыз жұлын тамыр деп атайтын тамыр бар, бұнда екі білек тамыры ұқсамайды. Егер біреуі тебінді, біреу баяу әлсіз келсе, бұл жұлын сыртындағы нұқталарда, нерв талшықтарында кінарат барлыған білдіреді.

Екі жақ тамырдағы қан ағысы қоюлау, әсіресе бір жағы жіңішкелеу болса, өт, қан қысымынан дерек береді. Клиникада көбінесе, бірнеше түрлі тамырдың соғуы бір уақытта бейнелейді. Мысалы, қалқыма, шапшаң тамыр ішінде ыстық барлығын білдіреді.

Ұстап тексеру бұл науқас адамның терісін, қол-аяғын, кеудесін, құрсағын ұстап көргенде ісік, өспелердің бар жоғын, ауыратын орындары мен басқада өзерістерге қаратылады.

Тамыр ұстаумен бірге инемен емдеуді қолға алып отырмыз, инемен емдеу әдісі нерв жүиесіне өте ыңғайлы әрі ешқандай зияны жоқ, бірақ ең бастысы әдісін дұрыс қолдана білу керек дейді сұхбатымыздың бас кейіпкері халық емшісі Нұрбек ағамыз.

Жаны жайсаң , жарқын мінезді бас дәрігер өзінің ұранын сөз соңында бізге былай жеткізді: « Еліміздің көркейіп-гүлденеуіне үлес қосып жүрген азаматтарымыздың денсаулығы мықты, рухы асқақ болып жұрсе бұл менің қуанышым, жалпы елімнің қуанышы...»

Автор:
Бұлбұл Қабдолдақызы. Талдықорған қаласы.