Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚАУІП ҚАТЕРСІЗ ҰШАМЫЗ!


25 марта 2011, 07:48 | 2 049 просмотров



Бүгінде әуе ұшулары күннен-күнге белгілі болып келеді. Жыл сайын шетелге демалуға немесе іс-сапарға ұшатын адамдар саны көбеюде. Бірақ бұлттардың үстімен ұшу – бұл біздің ағзамызға табиғи емес жағдай болып табылатынын біз жиі ұмытамыз және бізге өз денсаулығымызға көңілді жерде ғана емес, аспанда да аудару қажет. Бірақ барлығы кезекпен.

Ұшу барысында адам ағзасы шамадан тыс жүктеуді артады. Сондықтан ұшуға дайындалған кезде тек қана авивбилетті сатып алуды ғана емес, сонымен қатар денсаулық жағдайын да ойлаңыз. Егер сізде бұрын миокард инфарктісі болса, инсульт немесе сіз гипертониядан азап шексеңіз, барынша абайлаңыз.Өзіңіздің емдеуші дәрігермен ақылдасыңыз. Өкінішке орай, кейбір кездерде ұшақ бортында қысымның өзгеруі жүрек ауруын немесе артериялық қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін. Өзіңізбен бірге өз дәрілеріңіщді алуды ұмытпаңыз. Егер сіздің аяғыңыз ауыр болса, онда дәрігермен кеңесіңіз және тіркеу агенттерін өз жағдайыңыз туралы ескертіңіз.

Әуеде ұшу көптеген адамдар үшін ұшу қорқынышымен байланысты. Аэрофобияның қауіптігі – мұндай жағдайда адам үлкен стрессті бастан кешіреді. Аспанда адам тез масаятынын білмей, көбінесе оны алкоголь көмегімен күресуге тырысады, қыздыратын сусынның ептеген үлесі екпінді болуы мүмкін. Оданша, қорқыныш сезімін жеңу үшін фитоемдеу немесе шөптермен емделу әдісін қолданыңыз. Қазақстандық фитотерапевт Гочакова Р.А. және Дацковская Л.В. ұсыныстарына сәйкес түйін шөптің тамыры, түймедағы гүлдерінің және зере жемістерінің қоспасы сізге тынышталуға және ұшу кезінде босаңсуға көмектеседі. Ол үшін сізге 2 үлкен қасық қоспаны 2 стакан қайнаған сумен қайнатып, 20 мин демдеп, сүзіп және күніне 2 рет жарты стаканнан ішу қажет. Сіздің дәрігеріңізбен жазылған тыныштандырушы дәрі де келе береді. Бірақ мұндай дәрілерді қабылдау ұйқыны қоздыратынын есте сақтаңыз, сондықтан оларды қолданғаннан кейін рөлге отырмауға тырысыңыз.

Сонымен қатар ұшу алдында респираторлық ауруды емдеуге тырысыңыз. Өйткені үлкен биіктікте біз дабыл жарғағымызға ептеген қысымды сеземіз, сондықтан әуедегі салқын тию құлақтың бітелуіне әкеледі, ол құлақ ауырсынуы сияқты көптеген қолайсыздықты туғызады. Бірнеше тамшы бор қышқылы мен беруша көмектесуі мүмкін.

Өз тамақтануыңызға да көңіл аударыңыз, артық жемеңіз. Әуеде асқорту жүйесі де өзгеше жұмыс істейді. Тамақ баяу қортылады және іште ауырсыну басталады. Сондықтан асқортуды жақсартатын азық-түлікке – йогурт, көктерге және көкөністерге көңіл аударыңыз. Чай, кофе және шырындардың орнына қарапайым газдалмаған суды ішіңіз. Лимон тілімі бар су жеңіл іш өткізуші болып табылады.

Жамбаста қанның тоқтауын және аяқ-қолдың ұйып қалуын алдын алу үшін әрдайым отырмаңыз. Өз орындарынан тұруға рұқсат берілген кезде салонда серуендеп немесе кешенді жаттығуларды орындаңыз. Мысалы, иықпен, табанмен, баспен, қолмен айналма қозғалыстарын жасау, жайлап тартылу және қолмен ажырау.

Ұшуда қарапайым құбылыс болып табылатын, терінің құрғақтанбауын болдырмау үшін рейске өзіңізбен бірге жылы суды және қол мен бетті дымқылдандыратын кремді алуды ұмытпаңыз.

Егер сіз ауырсынуды сезсеңіз жолсерігіңізге айтыңыз. Әдетте, бортта үнемі қажетті дәрілер мен қысымды өлшейтін манометрі бар дәрі қобдишасы бар. Сонымен қатар басқа сағат белдеуіне немесе туған еліңіздің климатынан өзгеше елге сапар, организм үшін үлкен стресс болып табылады, сондықтан ұшақ бортында демалып және ұйықтап алуға тырысыңыз.

Бұл ұсынылған мәліметтер сіздің көңіл-күйіңіз бен денсаулығыңыз үшін ешбір зиянсыз ұшуға көмектесетініне біз үміт артамыз!

Жағымды ұшыңыз!

Автор:
Бетті әзірлеген Ырыс Кенже