Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КҮНТОТЫҒУ – АҒЗАҒА ПАЙДАЛЫ, ӘЛДЕ ЗИЯНДЫ МА?


25 марта 2011, 07:49 | 2 283 просмотра



Көктем басталысымен нәзік жандар өздерінің әдемілігі мен жастығына жоғары көңіл бөле бастайды. Белдемшелер қысқарып, декольте тереңдей бастайды. Бірақ кейбір әйелдер қыстан кейін, өздерінің бозғылт терісін көрсеткісі келмей, тіпті қазір күнге күйген терімен жылтырып жүруге тырысады. Ол үшін, сау жасанды күнтотығу жайлы жарнамаларға ерігіп, олар солярийді қолданады. Зиянсыз күнтотығу бола ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша, солярийде қолданылатын шамдардың ультракөгiлдiр сәуле шығаруы теріге зиян келтіріп, обырдың даму қаупін жоғарлауын куәландыратын көрсеткіштер саны көбейе түсті. Жыл сайын дүниежүзінде 132000 адам қатерлі меланомамен және екі миллионнан астам адам обырдың басқа түрлерімен ауырады. Тері обыры ауруларының көбі ультракөгiлдiр сәуле шығарудың шамадан тыс әсері нәтижесінде дамиды.

Бірақ күнтотығуды жақтайтындар да бар. Шындығында, күн сәулесі біздің жалпы көңіл-күйімізді жақсартады және қан айналымды белсендіреді. Ағзада Д витамині өндірілуі үшін, ультракөгiлдiрдің аз ғана мөлшері қажет, ол өз кезегінде тағамнан кальций және фосфордың сіңірілуінде, сонымен қатар қаңқаның дамуында, иммунды жүйенің қызметінде және қан жасушаларының қалыптасуында маңызды рөл атқарады. 5-15 минут аралығында аздаған күн сәулесінің әсері сізге пайдалы болу мүмкін.

Бірақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мамандарының айтуы бойынша, сау күнтотығу болмайды! Жағажайда да, солярийде де тері жасушалары ультракөгiлдiрге қарсы, кейінгі сәуле шығарудан тек қорғану мақсатында ғана, қаралықты пигмент түзеді. Күнтотығу ультракөгiлдiрге қарсы белгілі бір қорғанысты қамтамасыз етеді, бірақ тері обыры сияқты түкпiр зардаптардан қорғай алмайды. Күнтотығу тек косметикалық жағынан ғана әдемі бола алады, ал негізінен ол тері зақымдалып, өзін қорғауға тырысқанын білдіреді.

Адам ағзасына ультракөгiлдiр сәуле шығарудың әсерін толық зерттеу үшін, ионизирлеуші емес радиациядан қорғау бойынша халықаралық комиссия құрылды(ICINIRP). Бұл комиссия өндірген ұсыныстар бойынша, жасанды тотығу:

- Терісі I және II типті адамдарға (бозғылт тері);

- 18 жасқа толмаған адамдарға;

- Қалдары немесе мені көп адамдарға;

- Секпiлдер оңай шығатын адамдарға;

- Балалық шақта күн күйiктерін жиі алған адамдарға;

- Терінің қатерлі өзгерістері бар адамдарға;

- Терісі күнмен зақымдалған адамдарға;

- Тері сезімталдығын жоғарлататын, косметикалық заттар жағылған адамдарға;

- Дәрігер кеңесінсіз дәрілерді қабылдайтын адамдарға

– мүлдем қарсы көрсетіледі.

Жасанды күнтотығумен шұғылдану, обырдың даму қаупінен басқа, терінің ерте қартаюына, көздердің зақымдануына және басқа да жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Мысалы, ультракөгілдірдің шамадан тыс әсері иммунды жүйені әлсіретіп, нәтижесінде инфекционды аурулардың даму қаупін жоғарлатады.

Айтпақшы, 2010 жылдың 1 қыркүйегінен Австрияда ультракөгiлдiр сәуле шығарудың әсерінен меланома (тері пигмент жасушаларының обыры) даму қаупінің жоғарлауына байланысты, кәмелетке толмағандарға солярийді қолдануға заңдық тыйым салынды. Осындай тыйым Германияда және Францияда да бар, ал Бразилияда 2009 жылдың қараша айынан бастап, тұрғындарға эстетикалық мақсатта солярийді қолдануға толық тыйым салынды.