25 марта 2011, 07:55 | 13 835 просмотров
Орта жастағы адамдарда ғана емес, жас кезде де жиі көрініс беретін шаштың кенет түсіп қалуымен байланысты мәселенің бір түрі – таз ауруы, басқаша ол «алопеция» деп аталады. Бүгін біз ер адамдар мен әйелдердің шаштары неліктен кенет түсіп қалады, оның себебі не және бұл сырқатты қалай емдеуге болатыны жөнінде түсінуге тырысып көреміз.
Алопецияның (таз ауруы) түрлері мен себептері
Шаштың қаншалықты қалың түсіп жатқандығына байланысты, таз ауруы бірнеше түрге бөлінеді.
1. Таз ауруының ең көп тараған түрі – ошақты алопеция. Ол шаштың әр жерден түсуімен сипатталады. Мысалы, шаштың түсуіне мейлінше ұшырайтын жерлер маңдай және желке.
2. Жаппай таздану – алопецияның бұл түрі сирек кездеседі. Аурудың бұл түрінде бастағы шаш түгел түсіп қалады.
3. Толық немесе жаппай таздану – алопецияның ең сирек кездесетін түрі. Бұл кезде бастағы шаш қана емес, бүкіл денедегі түк түседі.
Енді аурудың себептеріне тоқталайық. Бұл себептер ішкі (күйзелістер, инфекциялар, бас терісінің жарақаттануы) және сыртқы (гормондық, аутоиммундық, жұқпалы, генетикалық) болуы мүмкін. Соған сәйкес, тазданудың пайда болу себебіне қарай оның даму механизмі де әр түрлі болып келеді.
Андрогендік алопецияға көбінесе ер адамдар ұшырайды. Оның себебі шаш фолликулына ерлердің жыныс гормонының күйрете әсер етуі болып табылады. Ер адамдарға мұндай таздану түрінің тек тұқым қуалаушылықтың алдыңғы шарттары болған кезде ғана әсер етуі мүмкін. Кейбір аурулар алопецияның себебі болуы мүмкін. Мысалы, шаштың түсуіне әр түрлі тері ауруларының әсері.
Кінәлі генетика
2009 жылы токиолық Кейо университеті (Tokyo2 s Keio University) Медицина мектебінің және Ұлттық генетика институты (National Institute of Genetics) ғалымдары тазданумен байланысты тұқым қуалаудың бастапқы нышанын тапты. Тышқандарға жүргізген тәжірибе барысында зерттеушілер Sox21 генінің блокадалануы шаштың ерте түсуіне алып келетіндігін анықтады. Ғалымдардың пікірі бойынша, Sox21 генінің жоқ болуы шаш фолликулдарында нашар ұсталып, сосын түсіп қалатын шаштардың қалыптасуына алып келеді екен. Sox21 гені тышқанда да, адамда да бар. Зерттеушілер осы геннің функциясы тоқталған тышқандарды өсірді. Кеміргіштер бірнеше апта ішінде тұтас таз болып шыға келді.
Олардың ізінше американдық ғалымдар жаңалық ашты. Колумбия университетінің ғалымдары тазданудың тұқым қуалаушылық түрінің генетикалық даму механизмін тапты. Сонымен, тазданғандардың арасында 18-хромосомада орналасқан APCDD1 генінің бірдей мутациялануын байқаған. Бұдан бұрын Колумбия университетінің ғалымдары бұл геннің мутация-лануының жануарлардың түк жабындысының жоғалуына әсер ететінін анықтаған болатын. Алайда олар адамның таздануы мен ген өзгерістері арасындағы өзара байланысты алғаш рет байқады.
Бұл жаңалық ауру емін іздеуде жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Таз ауруынан сауығуға арналған қолданыстағы дәрілер – гормондар, әрі олардың адам ағзасы үшін кері әсері бар. Ендігі уақытта ген аясын реттеу арқылы шаштың түсуін тоқтататын препараттар жасалатын болады.
Таздануды дәрі-дәрмекпен емдеу
Таз ауруын емдеу кешенді болу керек, ол таздану кезіндегі шаштардың өсу белсенділігін ғана емес, оның алғашқы себебімен күрес құралдарын да қарастыруы керек. Осылайша, шашты өсірумен үйлескен андрогендік терапия ер адамдар мен әйелдердің таздануын ем-деудің негізі болып табылады.
Бұдан басқа ер адамдарың таздануы кезінде фолликулдарды бұзатын ферменттердің белсенділігіне әсер етуге мүмкіндік беретін арнайы препараттар да бар. Бұл препараттар ағзадағы гормондық тепе-теңдікті қалыпқа келтіретін гормонды болып табылады. Әйелдерде болатын андрогендік алопецияға келсек, оның емі де гормондық терапиядан басталады.
Алопецияны тиімді емдеу үшін шашты өсіретін стимуляторлар қажет. Бұл таздануға қарсы гомепатиялық құралдар, алопецияға қарсы дәрумендер болу мүмкін, сонымен қатар басты уқалау, физиотерапия да пайдалы. Таздануды лазермен және дің жасушалармен емдеу де қолданылып жүр.
Таз ауруына қарсы халық емі
- Майсана майы шаштың түбіне жақсы әсер етеді. Майдың біраз мөлшерін алып, су моншасына қыздыру керек, сосын ескі тіс щеткасымен оны бас терісіне жағады. Масканы ең кем дегенде 15 минут ұстайды. Содан соң шашты шөптердің табиғи сығындысы бар сабын сумен жақсылап жуады. Осы процедураны 1-2 ай бойы аптасына 1 рет қайталап отырса, шаштық түсуі тоқтап қана қоймайды, шаш қалыңдап, жылдам өсе бастайды.
- Шашты өте жақсы беріктендіретін және оның түсуіне жол бермейтін – кәдімгі қалақай. Ең дұрысы ем үшін гүлдегенге дейін кесіп алынған жас қалақайды пайдаланған жөн. Қалақайды суға қайнатып, оны 40°С-қа дейін суытыңыз, шашыңызды жуып болғаннан кейін, сол сумен шайыңыз.
- Жөке гүлі шаштың түсуін тоқтатуға көмектеседі. Ол үшін 8 ас қасық жөке гүліне 0,5 су құйып 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуу керек.
- Бастың терісіне қайың шырынын, алоэ шырынын, сарымсақ, бал және жұмыртқа сарысын жаққан пайдалы. Бұл ингредиенттерді шай қасықтан алып, мұқият араластырып, қоспаны бас терісіне жағады. Нәрді 1-2 сағаттай ұстап, сосын басты жуады.
- Жол желкен жапырақтарын, түймедақ гүлдерін, жалбыз жапырақтарын, киікшөпті және қалақайды тең мөлшерде алып, араластырады. Бір ас қасық қоспаға бір стақан қайнаған су құйып, 1 сағат тындырады, сүзіп, оған қара нанның жұмсағын қосып, ботқа тәрізді болғанша араластырады. Жылы күйінде бас терісіне ысқылай отырып жағады, душқа арналған бас киімді киіп, сыртынан орамалмен орап тастайды. Мұндай компересті 2 сағаттай ұстап, сабынсыз жылы сумен шайып тастайды.
Біз көріп отырғандай ер адамдар және әйелдердің таз ауруын емдеу әдістері жетерлік. Алайда алопецияға қарсы бір ғана әмбебап құралды анықтау әзірге дәрігерлер үшін мүмкін болмай отыр. Сондықтан бүгінгі таңда науқастың әрқайсысына гормондық, тұқым қуалаушылық және денсаулықтың жалпы жағдайына байланысты жекелей ем жүргізу қолдау тауып отыр. Таз ауруын емдеу – бұл өте ұзақ, науқас пен емдеуші дәрігердің орасан күші мен еңбегін қажет ететін процесс. Бірақ ұзақ уақыт кешенді түрде емдеу өз нәтижесін береді және таздануды тоқтатуға болады.