Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖІЛІК МАЙЫНЫҢ ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ


18 марта 2011, 07:53 | 2 724 просмотра



Онкогематологиялық аурудан зардап шегетін қазақстандық балаларға жілік майы-ның трансплантациясын отанымызда жасайтын болады.

2011 жылдың бірінші тоқсанында Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирур-гиясы ғылыми орталығының базасында жілік майының трансплантациясын жасайтын бөлім ашылу жоспарланып отырған жаңа корпус пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда онкогематологиялық патологияның әр алуан түрлерімен ауыратын үш мыңға жуық бала бар. Қолданылып жүрген емнің қол жеткізген нәтижелеріне қарамастан, химиятерапияға берілмейтін науқастар тобы бар.

Мұндай жағдайдан шығар бір ғана жол қымбат операция - жілік майының трансплантация-сын жасау. Оның құны 150 мыңнан 250 мың еуроға дейін. Сонымен қоса, трансплантациядан кейін науқас жілік майының қайтып кету қаупіне байланысты ұзақ уақыт медициналық бақылауға мұқтаж болады. Сондықтан ол бірнеше ай бойы тексерілу үшін шетелге ұшуға мәжбүр.

«Бұл өте қиын әрі қымбат, - дейді ҚР ДМ штаттан тыс бас балалар гематологі Риза Боранбаева. – Мысалы, Израил дәрігерлері трансплантациядан кейін нау-қастың әр ай сайын тексеріліп тұруын талап етеді. Трансплантацияда ең бастысы операция емес, жілік майының сіңісіп кетуі».

Жыл сайын Республика бойынша жілік майының транстлантациясын 80 бала қажет етеді.

– Трансплантация қымбат жабдықтарды, жоғары білікті мамандарды, арнайы операция бөлмесін қажет етеді. Бұл өте қымбат, бірақ мемлекетіміз оған қаражат бөліп отыр. Сонымен қатар бірнеше мамандарымыз да дайындықтан өтті. Олар шетелден білім алып келді,– деп әңігімелейді ҚР ДМ педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Ермек Аязбеков.

Жілік майының трансплантациясын жасайтын бөлім пайдалануға 2011 жылдың бірінші тоқсанында берілетін болады. Жыл соңында операцияларды толыққанды жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта отандық дәрігерлер шетелде оқып-үйренуде. Науқас балаларға тегін кепілді медициналық көмек жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін болады.