Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Емделуге берілетін квоталар


18 марта 2011, 07:59 | 1 864 просмотра


Квота немесе «Клиникада емделуге жолдама» жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін беріледі.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен тізбеде көрсетілген медициналық мекемелерде, (ғылыми - зерттеу инс-титуттары), жоғары технологиялар қолданылуымен, тиісті мамандар арқылы күрделі сырқат түрлеріне көрсетілетін медициналық көмек.

Жоғары мамандандырылған көмек түрлері міндетті түрде бекітілген тізбеге сәйкес болуы керек.

Жоғары мамандандырылған көмек көрсету жұмыстары Орталық комиссия арқылы ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің

30. 12. 2009ж № 882 бұйрығымен Орталық комиссия мүшелері бекітілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының № 53-Н 16. 02. 2010 ж бұйрығымен Талдықорған қаласындағы облыстық көп салалы ауруханасында құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу - алдын - алу бөлімінің бас маманы Кульчикова Қазкен Ахметжанқызы ұйымдастырушы - нұсқаушы ролін атқаратын Орталық комиссиясы құрылған.

Алматы облысы тұрғындарының жоғары мамандандырылған көмек алуы тиімді, әрі оңтайлы болуы үшін Алматы қаласындағы облыстық көп салалы ауруханасында Қосалқы аймақтық комиссиясы құрылған.

Орталық - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы - Солтүстік аймақтық комиссиясына - Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал,Көксу, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандары, Текелі, Талдықорған қалалары кіреді.

Қосалқы - Оңтүстік аймақтық комиссиясына - Балқаш, Енбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары, Қапшағай қаласы кіреді.

Орталық - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы - Солтүстік комиссиясы Талдықорған қаласы облыстық көп салалы ауруханасында емхана бөлімінде арнайы бөлінген № 211 бөлмеде аптаның жұмыс күндері күнделікті сағат 14. 30 -дан 17.00- ге дейін қабылдайды.

Қосалқы - Оңтүстік аймақтық комиссиясы Алматы қаласы Демченко көшесі, № 83 «А» үйде арнайы бөлінген бөлмеде аптаның жұмыс күндері күнделікті сағат 13. 00 -ден 16. 00 -ге дейін қабылдайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының № 54-Н 16. 02. 2010 ж бұйрығына сәйкес жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу және жетілдіру мақсатында барлық емдеу мекемелері басшыларының пациенттердің медициналық құжаттарының сапалы, нақтылы болуына тікелей жауапкершілігі айқын көрсетілген.

«Клиникаға емделуге жолдама» немесе квота жоғары мамандандырылған көмек алуға тиісті пациент толық, сапалы, нақтылы, жан -жақты клинико -лабораториялық, құралдық тексерулерден өтіп тиісті мамандардың нақтылы, дәйекті қорытындысынан кейін, жолдаушы мекеме басшысының тексеруінен кейін, басшының қолы қойылған қолдаухатпен комиссияға сараптамаға жіберіледі.

Қандай сырқат түрлері және көмек көрсету деңгейі туралы толық ақпарат барлық емдеу мекемелері басшыларында бар.

Емдеу -алдын -алу мекеме басшылары бұл ақпаратты өз қарамағындағы әрбір маманға жеткізуі және міндетті түрде мүлтіксіз орындалуын қадағалауға, және осы күрделі сырқаттардың алғашқы диагнозы қойылғаннан бастап, сырқаттың маршрутын міндетті түрде қадағалап отыруы қажет.

Комиссияға медициналық қүжаттар тапсыру кезінде медициналық мекеме басшыларының құжаттардың сапалы орындалуын тікелей қадағалауымен қатар, пациенттің өз денсаулығына байланысты тиісті құжаттарға жауапкершілікпен қарауы міндетті.

Медициналық құжаттар тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда комиссия шешімімен көрсетілген ескертулер дер кезінде түзетулері тиіс.

Осы аталған міндеттер өз дәрежесінде орындалмаған жағдайда тек қана сырқат емес, жоғары мамандандырылған көмек көрсететін ғылми -зерттеу институтары зардап шегеді және комиссия жұмысына ақау түсіреді.

Сырқаттардың медициналық құжаттарын комиссияға жолдаушы мекеменің медициналық қызметкері тапсыруға тиіс.

Жоғары мамандандырылған көмек көрсету жұмыстары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жолдаушы мекеменің басшыларына хабарласу қажет, басшылар дер кезінде комиссияға хабарласып, мәселенің дұрыс шешілуіне жағдай жасауға міндетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында жоғары мамандандырылған көмек жұмыстары бойынша жауапты қызметкер - емдеу - алдын алу бөлімінің 40- -00-91, 23- 49- 00, байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

Автор:
Алматы облысы әкімінің ресми сайтынан