Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасында өт жолындағы тасты алып тастау отасы жасалды


7 февраля 2024, 12:04 | 967 просмотров



Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінде өт қабын жіті және созылмалы холециститпен өт тас ауруынан алып тастау отасы өтті. Операция іш қуысына жасалатын лапароскопиялық әдіспен жүргізілді.

"Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл аз инвазивті хирургиялық араласу әдісі тек облыстық ауруханада ғана емес, бүкіл әлемде іш қуысы органдарының ауруларын емдеудің сапалы, аз жарақаттанған және заманауи әдістемесінің негізгі көрсеткіші болды", - дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Смайылов.

Сонымен, бұл жағдайда Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына оң жақ қабырға астының қатты ауырсынуымен, тері мен шырышты қабаттардың сарғаюымен, жалпы әлсіздікпен, тәбеттің болмауымен науқас жүгінді. Облыстық аурухананың дәрігерлері науқасты толық тексеріп, өт тас ауруы Холедохолитиаз, механикалық сарғаю, жедел холецистит диагнозын қойды. Лапароскопиялық әдіс бойынша шұғыл хирургиялық араласу, холедохотомия, литэкстракция, холецистэктомия, Пиковский әдісі бойынша холедохты дренаждау жоспарланды.

Операция іш қабырғасының айналасындағы кішкене тесіктер арқылы жасалады. Отаны Хирург бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Болатұлы Смайылов, көмекшісі Алик Абзал Нұрланұлы, анестезиологтар Ерболат Серікұлы Нұралиев, Бағдагүл Менқахқызы Тасибекова және операциялық медбике Гүлсезім Асхатқызы Ниязова жасады.

Операция сәтті өтіп, науқас қанағаттанарлық жағдайда 5 тәуліктен кейін үйіне шығарылды.

Автор:
ЖД ақпарат


Последние новости