6 ноября 2023, 13:42 | 753 просмотра
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Тіл құндылығы биігінен аласармас үшін таңғы шықтай тұнық тазалығына кір жұғып кетпеуі тиіс. Бүгінде тіліміздің бүлінуі белең алып тіліміздің шұбарлануына жаргон сөздердің де ықпалы зор болып тұр.
Жаргон сөздер – жастар арасында жиі тараған әдеби мән-мағынасы жоқ үйлесімсіз сөздер. Кейбірі құлаққа түрпідей тиіп, кейбірі тіпті дөрекі естіледі. Сондықтан қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті өзгеше дәрежеде, жастардың бір ауыз сөзді кібіртіктеп, ойланып барып әрең жеткізеді. Сөз мәдениетіне ықпал ететін факторларға сөйлеу дағдыларының жоқтығы, ғаламтор, көркем әдебиет оқымау, ортаның әсері, сөйлеу қателіктері жатады деп ойлаймын. Жаһандану заманында жастардың сөйлеу мәдениетін дамытуға менің ұсыныстарым төмендегідей:
Л.Толстой айтқан екен: «Егер мен патша болсам, онда жазушы атаулы тілді қолданған кезде оның мағынасын тіпті өзі де түсінбейтін болса, оның жазу құқығы тартып алынсын, әрі жүз қамшы дүре соғылсын – деп бір жарлық түсірген едім». Әр адамның осындай тілге деген жауапкершілігі мол болса, тілді қалай болса солай қолданатын тілбұзарлар көбеймес еді деп ойлаймын. Сондықтан менің арманым - жастар ана тілін шұбарламай сауатты сөйлеп, тілді өзінің сол ұлы дәстүрінен айырмаса екен деймін.
Сабыр Кәусәр Ерікқызы
Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің 4 «В» сынып оқушысы
Мұғалімі: Рамазанова Ляйля Журсиновна