Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

"AQNIET"-тің 100 жылдық мерейтой қарсаңындағы турнир


1 июня 2023, 03:04 | 2 229 просмотров



Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы шаһарында AQNIETке қарасты Алматы, Жетісу облыстарының және Алматы қаласы кәсіподақ филиалдары арасында 'жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар' дегендей, іріктеуден өткен дүлдүл командалары волейбол және футбол ойындарынан бақ сынасты. Турнир алдында, яғни 19.05.2023 ж. Жетісу командасы ойыншыларының ешқайсысы "Денсаулық" сауықтыру орталығын көрмегенің филиал қызметкерлері ескеріп, ойыннан бір күн бұрын мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ойыншылар бассейн, сауна, тренажерный зал басқа да ағзаға пайдалы процедураларын алып, AQNIETтің балансында осындай ғимараты барына мақтаныш сезімінің туындағаның жасырған жоқ.
Екі ойында өте тартысты, эмоцияға толы болды. Жанкүйерлерде командаларын демеп, ұрандатып, жеңіске деген мақсаттарын арттырып отырды.
Шамалы ұпай айырмашылығымен Жетісу командасы волейболдан 2-ші, шағын футболдан мәртебелі 1-ші орындарды иеленді.
Жалпылай алғанда 150 мың теңгелі жүлде қорымен қанжығаларын майлап, ұтып алды.
Ойын соныңда Алматы филиалының төрайымы А. Жүсіпқызы және жетекші маманы С. Парахатқызы қазақи салтпен ақ дастарқаның жайып, Жетісу өңірінен келген қонақтарға сый-құрмет көрсетті. Өз кезегімізде қабылдаушы тарапқа керемет ойынды ұйымдастырғанына үлкен алғысымызды білдірдік.
Денсаулық сақтау қызметкерлері өздерінің жеке үлгілерімен спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсете білді.
AQNIETтің 100 жылдығы, қатарындағы кәсіподақ мүшелеріне арналған 100 түрлі игі іс шарамен жалғаспақ.

 

Автор:
А. Шалтабаев, "AQNIET" кәсіподағы, Алматы және Жетісу облыстарының филиал төрағасы