24 мая 2023, 09:03 | 232 просмотра
Жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит – бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оны сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм - вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі. Гепатит А феальді оральді жолмен берілетін жұқпалы ауру. Белгілері: тәбеттің төмендеуі; оң қабырғаның астының ауруы; дене қызуының көтерілуі (37,5); жүректің айнуы, кейде құсу; әлсіздік, дімкәстік; зәрдің түсінің қоңырлануы; үлкен дәреттің түсінің ағаруы; таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейін терінің сарғаюы.
Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда, аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, бұл айналадағы адамдарға қауіпті. Науқас жеке адам гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтауы керек: қайнатылған немесе өз шөлмегіндегі суды ішу; тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннан соң қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдыру; суға әдейілеп бөлінген жерде шомылу; ашық су айдындарынан, өзеннен алынған суды ішуге пайдаланбау; көкөністер мен жемістерді жақсылап, мұқият жуып пайдалану.
Вирустық гепатит тағам өнімдері арқылы берілетін болғандықтан асхана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитарлық гигиеналық ережелер ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар мен мектептерде балалар тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Ауыз су сақталатын құдықтарды таза ұстау міндетті.
Имангалиева Лайля,
№10 мектеп фельдшері,
Талдыкорган қаласы.