Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӘЙЕЛДЕРГЕ МАСТЭКТОМИЯДАН КЕЙІН КЕУДЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ


18 мая 2023, 09:44 | 1 740 просмотров



Сүт безін ТМККК шеңберінде Өскемендегі көп бейінді онкология және хирургия орталығының маммолог-онкохирургтары қайта қалпына келтіреді. Бұл туралы Жәрдем ақпарат хабарлайды ДСМ сайтына сілтеме жасап.

2009 жылдан бастап сүт безі обырын анықтау  скринингінен өтуге болады. Жыл сайын тек Шығыс Қазақстанда 50 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралады. Орташа алғанда, өңірде дәрігерлер жылына алғаш рет «сүт безі обыры» диагнозы қойылған 290-320 пациентті есепке алады.

Осы скринингтің арқасында ШҚО онколог-маммологы Ирина Чертищеваның айтуынша, облыста обыр өте ерте сатысында анықтала бастады.

«Анықталу деңгейі жоғары және өте кішкентай ісіктер анықталғандықтан, біз осы патологияда сүт безін толығымен алып тастағаннан кейін сүт безі обырына онкопластикалық хирургияны, сондай - ақ реконструктивті операцияларды белсенді түрде енгізе бастадық» - деді Инна Леонидовна.

Өткен жылдан бастап ОХМО онколог-хирургтары сүт безін толығымен алып тастағанда хирургияны қолдануға мүмкіндік алды. Өңірде бұрын сүт безі обырына  түбегейлі  мастэктомия сияқты емделуге ұшыраған әйелдердің саны көп.

«Біз олардың бұлшық еттерін сақтадық, бірақ сүт бездері мен лимфа түйіндерінің коллекторларын толығымен алып тастадық», - деп түсіндіреді Инна Чертищева. - Жеті пациентке 2022 жылы сүт безін толық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Біз көлемді де, пішінді де қалпына келтіріп, емізікті қалпына келтірумен эстетикалық әсер бере алдық. Әйелдер сыртқы келбетінен ұялуды тоқтатты».

Сүт  безін қалпына келтіру операциясының бұл түрі тегін екенін айта кету керек. Сүт безін қалпына келтіргісі келетін пациент маммологтың қабылдауына бара алады, онда мұндай оңалту мүмкіндігі талқыланады , әйелдің терісінің жағдайы да қарастырылады, содан кейін  операция жасалады.

«Бізде маммологиялық орталық сияқты керемет жоба басталады. Сүт безі проблемаларымен келген әйелге бірнеше күннің  ішінде нақты диагноз қойылады деп үміттенеміз. Бізде жақсы емдеу әдістері болады. Жоспарларда - аспирациялық вакуумдық биопсия - бұл сүт безінің қатерсіз ісіктері үшін, яғни тесу арқылы жасалатын операция. Біз бұл диспансерде болғанын қалаймыз», - дейді И.Чертищева.

Сүт безі обыры әлемде сырқаттанушылық  пен өлім-жітім бойынша жетекші орын алады. Аурудың шегі  50-ден 60 жасқа дейін. Бірақ Қазақстанда оны анықтауға арналған скринингтен әйелдер екі жыл интервалмен 40 жастан 70 жас аралығында өтеді.

Өзін -өзі құрметтейтін және жақсы көретін әрбір әйел үнемі зерттеп-қараудан өтіп, ай сайын кеудесін саусақпен басып, өзін-өзі  тексеруі  тиіс. Кішкене күдік туындаған жағдайда сіз дереу маманға хабарласуыңыз керек.

Сүт безі обырының профилактикасы МӘМС шеңберінде скринингтік бағдарламалар пакетінде орындалатынын естеріңізге сала кеткен жөн.

Автор:
ЖД ақпарат