Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МӘМС: Қаратал ауданы халқымен кездесу өтті


17 мая 2023, 03:10 | 1 321 просмотр



Медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Қаратал ауданының әкімдігі және орталық аудандық ауруханамен бірлесіп Үштөбе қаласында халық алдында есептік кездесу өткізді.

Бүгінгі күні тіркелім деректері бойынша Қаратал ауданында 42 000-нан астам адам тұрады, оның ішінде сақтандырылмаған халық 9 144 адамды немесе 21,7% құрайды. Бұл МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер халықтың осы бөлігіне қолжетімсіз дегенді білдіреді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді», - деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова.

Орталық аудандық аурухананың директоры Біржан Құмаров сақтандырылмаған халықты қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

«Бөлінген учаскелер бойынша аудандық аурухана өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ауланы аралау барысында сақтандырылмаған адамдардың тізімі бойынша біздің медициналық ұйымда тіркелген, бірақ ауданда тұрмайтын адамдар, осы аумақта тіркелген, бірақ шетелге тұрақты тұруға кеткен адамдар және басқалар анықталды. Айта кету керек, біздің аудандық ауруханада  тұрғындарға ТМККК және МӘМС тізбесіне сәйкес барлық қызмет түрлері толық көлемде көрсетіледі»,-деді ол.

Сондай-ақ, кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Айбек Оңғаров өңірдегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асыру барысы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға жәрдемдесу, кадр тапшылығын, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмысқа орналастыру және басқа да өзекті әлеуметтік мәселелер туралы айтып өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы