15 мая 2023, 04:29 | 1 609 просмотров
Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс.
Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:
Аударымдар - оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді - 2023 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрайды. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% - дан аспауы керек (3%*10*70000=21000 тг.)
Жарналар - оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды.
Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 еселенген ЕТЖ - 2%(2%*10*70000=14000 тг.)
Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдік санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Бұл санаттар:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы