Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде


11 апреля 2023, 08:56 | 1 661 просмотр



Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Қаратал ауданының ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде деп хабарлайды Жәрдем тілшісі  

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыс бойынша филиалы қызметкерлері Қаратал ауданының ең көп сақтандырылмаған халқы бар ауылдық округтеріне барды.

Әкімдіктермен бірлесіп Балпық би, Тастөбе, Ескелді би, Жолбарыс батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды. Тұрғындарға МӘМС туралы заң шеңберінде олардың құқықтары, әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарналарды төлеу тәсілдері мен сомалары, жүйенің артықшылықтары мен ТМККК және МӘМС шеңберінде қолжетімді медициналық көмек көлемі түсіндірілді.

Азаматтар тарапынан 15 жеңілдікті санатына, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және пациенттің бағытына қатысты сұрақтар қозғалды.

Ал жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын ашуға инвесторларды тарту арқылы халықты жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету және жәрдемдесу туралы мәселелерді көтерді.

Айта кетейік, МӘМС жүйесімен халықты қамтуды арттыру үшін күшейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде филиал Үштөбе қаласында және Қызыл балық, Айту би, Елтай, Байшегір, Бастөбе ауылдық округтерінде кездесулер ұйымдастыруды жоспарлауда.

 

 

Автор:
ЖД ақпарат