29 марта 2023, 17:03 | 391 просмотр
29 наурыз күні Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков облыс бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Серік Әлмесековпен кездесті.
Тұтынушылар құқықтарымен адам құқықтары бір арнада болғандықтан кездесу барысында сала басшылары бірлесе атқарылар жұмыстар жайлы пікір алмасып, тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жайын талқылады.
Департамент басшысы Еділ Зайтбеков өз сөзінде «Адам құқықтары болсын, тұтынушы құқығы болсын, екеуді де азаматтың құқығы болып табылғандықтан, бірлесе атқарылар істеріміз көп деп есептеймін. Облыс жаңадан құрылса да алда жақсы нәтижелер көрсетеміз деген сенімдемін, ол үшін бірлесе нәтижелі жұмыс атқарайық» - деп, сөзін қорытындылады.
Кездесу соңында бірлесе жұмыстар жүргізу жайында келісіп, меморандумға отыру жайы да қарастырылды.
Жалпы, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіладам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды, заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге асыруды мақсат тұтады.