22 февраля 2023, 03:28 | 662 просмотра
Алматы филиалының төрайымы А.Дауытова, ,,Денсаулық" сауықтыру орталығында командасымен бірге дүбірлі семинар өткізуге мұрындық болды.
Өткен жылдың қазан айынан басталған семинар Алматы, Шымкент, Ақтау, Талдықорған, Қызылорда, Тараз және т.б. қалаларда орын алды.
Ал бұл семинардың маңыздылығы- әдейілеп жұмыс берушілерге арналуы. Мекеме басшылары мен қарамағындағы медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмыс орнында кездесетің әртүрлі кикілжің, келеңсіз жағдайдан қорғану және шығу механизмі семинар барысында толығымен қарастырылды.
Медицина қауымының қоғамдық қорғаушысы, елім-жерім деген азаматтың бірегейі
Д.Нұрсапа, ,,Qorgaumed" командасың жиналған қауым алдында таныстырды. Құрамы көп жылғы еңбек өтілі бар белді және беделді медициналық адвокаттардан, сот-медицина сараптамашылары, мамандырылған заңгерлерден тұратының байқатты. Әрқайсысы өзінің тәжірибесіңдегі үлкен резонанстық істерді қарап, оң шешімге қол жеткізгендері туралы баяндап берді.
Бұл семинар үш бөліктен тұрды. Әр бөлім алдында Орталық Кеңестің төрағасы Б. Тәжібай, Алматы филиал төрайымы А. Дауытова, Алматы және Жетісу облыстарының филиал төрағасы А. Шалтабаев, Орталық Кеңестің заң және құқық бөлімінің меңгерушісі Е.Бүркітбаев жұмыс барысынан ақпарат беріп отырды.
Қатысушылар алған мағұлыматтарға дән риза болып, медицина қызметкерлерінің ,,AQNIEТ"кәсіподағымен
,,Qorgaumеd" командасының біріккен әрекеттерінің арқасында өздерінің құқықтары толығымен қорғалатынына көз жеткізді.
Артынан жиынға қатысушылар "Денсаулық" сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Елімізге келетін қонақтарды табиғаты тамаша мекемені көрсетуге, конференц. залында түрлі шаралар өткізуге мүмкіншілігі зор екенін білді. Семинар соңы 'достық' кешкі аспен жалғасты.
Қайыспаған қиындықтың салмағына,
Беріспеген дұшпанның шалмағына,
Әділет пен ақ жолды бетке ұстап,
Бұқараны жеткізген арманына.
💯🎉💫✨✊💯🎉💫✨
Иек артып қиын кезде Достарына,
Халық үшін талай icтi бастады да...
Дәлелдеді өзіндік орнын барын,
"AQNIET" Кәсіподақ аспанында.
Таныс-тамырсыз, достармен бірге болайық!