Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімдерде АИТВ жұқпасының алдын алу жұмыстары жүрді


14 февраля 2023, 04:48 | 1 100 просмотров



Ақпанның 8-10 жұлдыздарында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының алдын алу бөлiмiнiң маманы Арайлым Кенжебекова аймақтық әскери полиция мен №32363, №65476, №58012, №64192 әскери бөлімдерінде семинарлар өткізіп, АИТВ жұқпасы жайлы кеңінен мәлімет берді.

Эпидемиолог дәрiгер  АИТВ жұқпасының жұқтыру жолдары, елдегі және аймақтағы эпидемиологиялық жағдай барысын айтып, жастарды жаман әдеттерден сақтануға, ол үшін есірткіге жоламай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.    
Қатысушылар ақпараттық-оқыту бейнефильмін тамашалап, білімдерін бекітті және сұрақтарына толыққанды жауап алды. 
Семинарларға барлығы 945 адам қамтылды.

 

 

Автор:
А.Сұлтанова, Алматы облыстық ЖИТС орталығы маманы