Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Химия табыстарының дамуы


1 февраля 2023, 04:36 | 757 просмотров



Біз -химия ғасырының тұрғын адамдарымыз. Химия біздің тұрмысымыздың, өміріміздің барлық салаларына сіңіп кеткен. Автомобиль мен кемелер, самолет пен ракеталар химиксіз жасалмайды, химиясыз орнынан қозғалмайды.

Ешбір құрылыс, кірпіш, цемент, шынысыз мүмкін емес, ешбір адам тамақ, киімсіз, күнделікті тұрмыстық, мәдени керекті заттарсыз тұра алмайды. Ал, осы заттардың ешқайсысы химиясыз өндірілмейді.

Химияның және химия өнеркәсібінің өркендеуі жалпы шаруашылықтың техникалық прогресіне ерекше әсер етеді. Осы күнгі халық шаруашылығының алуан салаларының қайсысын алсақта, химияны химияның жетістіктерінің нәтижесін пайдаланбайтыны жоқ. Химия және оның жетістіктері, еліміздің көтерілуінде, материалдық-техникалық базасын жасауда өте үлкен орын алады.

Жалпы химия ғылымының дамуында біздің еліміздің химиктерінің еңбектері ерекше, бұлар бұрын да, қазір де, алдыңғы қатардан орын алады.

Ендігі жерде қазіргі заман химиясының негізгі табыстарын атап кетейік.

Адам керегіне ұсталатын элементтер санын және шикізаттар қорын өсіру.Бұл жөнінде жер қыртысында көп мөлшерде бар элементтерді қолдануды күшейту мен қатар, сирек және бытыраңқы кездесетін элементтерді іске асыру күшейді, айталық ХІХ ғасырдың аяғында белгілі 82 элементтен тек 26 элемент қана қолданылатын болса, қазіргі кезде белгілі 105 элементтің басым көпшілігінің ғылыми немесе техникалық маңызы бар. Қазіргі кезде мәлім болған 1000-нан аса изотоптар бар олардың да, біразы іс жүзінде қолданылады, оның ішінде атомдық энергияны алуға қолданылатындары бар.

Химиялық және оған байланысты өнеркәсіптерде шикізат ретінде жаратылыстық қатты заттар мен қатар, табиғи мол газдар және сұйық шикізат қолданылатын болды. Ол жанғыш қазбалар, ағаш, силикат, тұздар, түрлі кендер. Сонымен қабат ауа, табиғи және өнеркәсіптік газдар, теңіздермен көлдерден және жерден шығарылатын ащы сулар.

Соңғы кезде шешілуге таяу тұрған ірі мәселенің бірі-шикізатты толық пайдалану. Бұрын, шикізаттағы басты элемент пайдаланылып аралас жүрген элементтерге назар салмай олар қалдық болып кететін. Мысалы күкірт қышқылы өндірісінің қалдықтарында-қақ және тозаң түрінде-мыс, мышьяк, алтын, селен, теллур, таллий элементтер бар, ал күкірт қышқылымен салыстырғанда селен 300, теллур 800, таллий 500 есе қымбат.

Жаңа заттар синтездеу . Химия ғылымының соңғы кездердегі өте ірі табысының бірі-жаңа заттар синтездеу. Әсіресе органикалық қосылыстардың бұрын бірін-біріне айналдыруға келмейді деп жүрген кластарын айналдырудың жолдары табылып, олар өндірістік масштабта игерілді. Соның нәтижесінде үлкен молекулалы қосылыстардың синтезі кең өріс алып, одан алынған синтетикалық материалдардың табиғи материалдарға қарағанда артық, әдемі, төзімді екені дәлелденіп жатыр.

Жаңа заттар синтездеуде анорганикалық химияның да, көп табыстары бар. Қазір белгілі химиялық қосылыстардың саны 3 миллионға жуық, оның 300 мыңы анорганикалық қосылыстар. Осы қосылыстардың көпшілігі табиғатта кездеспейтін, адам қолымен жасалған синтетикалық қосылыстар. Осы соңғы 10 жылдың ішінде 500 мың қосылыс синтезделді, яғни жылына 50мың қосылыс алынған десек, соның 8 мыңы анорганикалық қосылыстар екен. Солардың маңыздылары: түрлі керекті қасиетті (оңай не қиын балқитын, өте қатты не жұмсақ; отқа, суға, қышқыл мен сілтіге берік) құймалар, мысалы, карбид, нитрид, борид, фосфид және силицид сияқты аса қатты құймалар-осы анорганикалық химияның табыстары.

Комплексті қосылыстар синтезі өте үлкен өріс алуда. Әсіресе ерекше маңыздысы-сирек кездесетін және радиоактивті элементтер технологиясы жөнінде зор табыстар. Мұндағы негізгі міндет-комплекстердің құрылысын және олардағы химиялық байланыстың табиғатын зерттеу.

Бұл жаңа заттарды синтездеуде химияның алдына күн сайын жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойылуда, мысалы, реактивтік двигательдер мен снарядтарға лезде жанатын өте калориялы сұық отын синтездеу және керек болды.

Химиялық синтездің алға қойып отырған мақсаты-қажетті қасиеті бар заттардың қандайын болса да қолдан жасап алу.

Технология процестерін жақсарту. Химиялық процестерді жақсарту, жаңарту жөніндегі ғылыми-зепрттеу жұмыстарының бірқатар табыстары соңғы кезде өнеркәсіпке енгізілді. Бұл табыстардың ең бастылары: химиялық реакцияларға зор әсер ететін катализаторлар, күшті қысымдар-10-1000 атмосфера жиі қолданылады. Көп реакцияларда катализаторлар мен қысым қабат қолданылады.

Бірқатар процестерге-металдың өзін, оның карбидін, азот қосылыстарын алғанда-жоғарғы 1000-30000 температуралар қолданылады. Соңғы кезде жоғары температураны 30000-тан асыратын болды. Кей процестерде төмен температура, абсолюттік нолге жуық температура қолданылады.

Бірқатар химиялық процестерде оған әсер етушібасқа факторларды-реакцияласушы заттардың концентрациясын өсіру, жанасатын бетін ұлғайту, ультракүлгін сәулелерін түсіру, электр зарядтарымен әсер ету, циклон, плазма қолданылады.

Электр энергиясы арзандаған сайын электрохимиялық, электротермиялық өндірістер көбейді.

Химиялық, механикалық, термиялық әрекеттерге төзімді материалдардың алыну, мысалы, арнайы құймалар, резиналар, пластмассалар, химиялық тұрақты желім, замазка бұрын қолданылмаған химиялық процестерді өткізуге мүмкіншілік туғызды. Процестің өнімділігін арттыру үшін ауа орнына оттек қолданылатын болды.

Автор:
Г.Ж. Саңқайбаева,Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Химия пәнінің оқытушысы