Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Семіздіктің алдын алудағы мейірбикелік процесс


19 января 2023, 03:42 | 1 061 просмотр



Семіздік – жаһандық дерт. Дамыған мемлекеттерде артық салмақ мемлекеттік деңгейде қаралатын мәселеге айналған. Өйткені жыл сайын адамдардың семіздікке шалдығуы жиі тіркелуде. Әлемде әрбір екінші адамның және әрбір алтыншы баланың артық салмағы бар. Артық салмақ – семіздік емес. Десе де артық салмақтың біртіндеп артуы сау адамды дертке шалдықтырады. Әлемдік экономикалық қауымдастық және даму ұйымының (OECD) мамыр айындағы дерегін алға тартсақ, ең семіз адамдар Америкада, Мексикада, Венгрия және Жаңа Зеландияда тұрады. Ал ең төменгі көрсеткіш – Жапония мен Оңтүстік Кореяда. Рейтинг жасаушылардың айтуынша, тамақтану дағдысына қарай семіздіктің жиі не аз кездесетінін байқауға болады. Айталық, жылдам тамақ пен газдалған сусынды жиі тұтынатын елдерде артық салмақты адамдар көп. Ал тамақтану дағдысы мен күнделікті өмір сүру салты айқын мемлекеттердің тұрғындарына артық салмақ сөз емес.   

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызының артық салмағы бар. Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда алдыңғы орында. Мамандар артық салмақ жинаған азаматтар саны соңғы жылдары жылдам өсіп келеді деп дабыл қағуда. Мәселен ресми деректер бойынша, соңғы он бес жылда семіздікке шалдыққандар саны 10 пайыздан 15 пайызға артқан. Ал соңғы жеті жылдың ішінде сырқаттанған қазақстандықтар үлесі 15 пайыздан 20 пайызға артып отыр.

     Мен  осы мәселе бойынша ұсыныстарым, қазіргі уақытта осы проблемамен күресіп келе жатқан адамдарға  дұрыс тамақтану, фаст-фудтан бас тарту,тамақтану уақытын ретке келтіру және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес беремін.

 

Автор:
Ғылыми жетекші: А.К. Акжигитова, Білімгер: МІ-512 Б.Б. Қуанышбай, ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледж» МКҚ