Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында халықаралық стандарттар бойынша оқыту өтті


17 ноября 2022, 11:21 | 488 просмотров



ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұрықтың даму аномалияларын ерте диагностикалау мен алдын алу тиімділігін арттыруға, нәресте өлімін азайтуға, балаларды мүгедек етуге бағытталған пренатальды медицина қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар стратегиялық шешімдер қабылдады.
Мәселен, елімізде алғашқы болып ҚР - дағы пренаталдық медицина қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттар - "Қазақстан Республикасында пренаталдық ультрадыбыстық скрининг жүргізуді ұйымдастыру стандарты" және "Қазақстан Республикасында 2022-2025 жылдарға арналған пренаталдық ультрадыбыстық диагностиканы одан әрі жетілдіру жөніндегі жол картасы" әзірленді.
Осы бағдарлама шеңберінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы базасында және ҚР ДСМ бас генетигі, профессор Г.Ж. Әбілдинова және ҚР ДСМ пренаталдық диагностика УДЗ бас маманы, М.ғ. д. К.Ж. Қуанышбайқызы Алматы облысының Ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен медициналық генетиктерінің кәсіби даярлығын арттыру бойынша оқыту жүргізілді. Пренатальды ультрадыбыстық диагностиканың барлық мамандары халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған.

Автор:
Облыстық СЭС басқармасы және бір ауруханасының баспасөз қызметі