Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан салмағы 1.5 келі шашты алып тастады


7 ноября 2022, 06:34 | 10 512 просмотров



Карасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері 13 жасар қыздан «асқазанның трихобезоары» диагнозын анықтап, асқазанынан салмағы 1,5 келі шашты алып тастады. Ауруханаға асқазан ауруына шағымданған 13 жасарды науқасты тексеру барысында дәрігерлер асқазанда қозғалмалы массаны анықтаған. Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде диагноз толығымен расталған.
Трихобезоар ауруы асқазанға шаш, жүн түскен кезде пайда болады. Көбіне шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнау және жұту сияқты зиянды әдеті немесе патологиялық бейімділігі бар балаларда кездеседі. Нәтижесінде асқазандағы тамақпен араласып " шаш ісігі " пайда болады.
Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының тәжірибелі хирургтары Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлы және Стадников Максим Александрович науқасқа дер кезінде ота жасап, науқастың асқазанынан салмағы 1,5 килограмм болатын өлшемі 20×30 см трихобезоарды алып тастады. Бөтен денені алып тастағаннан кейін науқастың психоэмоционалды жағдайы жақсарып, ауырсыну синдромы басылды. Қазіргі уақытта жас науқас хирургиялық бөлімде емделуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қарасай көпсалалы ауруханасында 1000-нан астам ота жасалды. Көп жағдайда ауруханаға түскен науқастарға шұғыл түрде ота жасау қажет болады.

Автор:
Пресс служба здравоохранения области Жетысу