Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талғар аудандық ауруханасында 4 бірегей операция жасалды


22 октября 2022, 10:17 | 11 343 просмотра



2022 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Талғар аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде хирург-дәрігер Омаров Нұрлыбек Оразкелдіұлы декубитальды жараларды (қысым жаралары) пластиктеу бойынша 4 бірегей операция жүргізді. Пластикалық хирургия саласындағы бұл операциялар республикамыздың бірнеше клиникаларында ғана жасалады.

"Көбінесе декубитальды жаралар төсекте ұзақ уақыт жатқан науқастарда пайда болады. Бұл инсульттан кейін, жұлын жарақаттарын алған және қарт адамдарда кездеседі. Көбіне адам денесінің жамбас сүйектері, жауырында, аяқта, өкше, шынтақ аймақтарында пайда болады", - деді Нұрлыбек Оразкелдіұлы.

Дәрігердің айтуынша, пациенттерде флегмонаның дамуымен және жұмсақ тіндерде жаралар пайда болған. Пациенттің денесіндегі жараларды гидроактивті таңғыштарды қолдана отырып, кезең-кезеңімен тазартумен қатар жүргізілген терапиядан кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Хирургтар емхана жағдайында екінші пластикалық кезеңнен өткізу үшін онлайн кеңес беріп, пациенттерді дайындықтан өткізіп, ауруханаға жатқызды. Барлық пациенттерге операцияның екі кезеңі сәтті жасалып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды.

Автор:
Управление здравоохранения Жетысуской области