Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Білім - инемен құдық қазғандай


6 октября 2022, 05:02 | 11 990 просмотров



"AQNIET" Қазакстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының (ары қарай AQNIET) 2019 жылғы желтоқсан айында өткен Xlll съезінде қабылданған, жақын арада іске асыратын "Бағдарлама"-ға сәйкес көптеген іс-шаралары жүзеге асты. Оның ішінде сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру, біліктілікке қарастырылған қаражатты төлету, кәсіподақ мүшесінің әрдайым қорғауда болғанын ойлайтын AQNIET кәсіподағы,"Медициналық адвокат" жобасын іске асырды және де көптеген игі істерге мұрындық бола білді. Соның ішінде кәсіподақ мүшелерінің заң төңірегінде сауатты болуын мақсат еткен AQNIET, өзінің құрамындағы кәсіподақ мүшелерін вебинар мен семинарларда көптеп оқытты. Былтыр 2021 жылы мамыр, тамыз, қазан айларында 600-ден астам белсенді кәсіподақ мүшелері қатысқан вебинардан, тестік бақылау қорытындысы бойынша 90 адам "Денсаулық" сауықтыру орталығында өтетін семинарға іріктеліп, оның ішінен қатысушылардың дауыс беру арқылы 9 адам Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Кәсіподақ Университетінде бір жеті ілім-білім алатын Орталық Кеңестің тегін жолдамасының иегері атанды. Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек - 2 қазан аралығында 'альма-матер' қабырғасында білім мен тәжірибе жинақтаған қатысушылардың ішінде Жетісу облысының, Текелі қалалық ауруханасының кәсіподақ төрағасы Сезм Рашидовта бар. Ол өз кезегінде Ресейдің мәдени орталығынан алған әсері мол екенін, дәріс берген профессорлық-оқытушылық құрамына, Орталық Кеңестің басшылығына ризашылығын білдіріп, 'қарулыққа' алған білімімен кәсіподағымыздың аяғына нық тұрып, ары қарай дамуына үлес қосатынына сендірді. Еңбек етіп, шыдамдылық танытып, өздеріне талап қоя отырып мақсатқа жеткен әріптестерімізге сәттілік тілейміз.

Автор:
"AQNIET" Қазакстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының баспасөз қызметі