Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері алыс елді мекендерге шықты


11 августа 2022, 06:09 | 101 374 просмотра



Конституция күніне орай Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы аудандық ауруханаларға көмек көрсету және консультативтік-практикалық мәлімет беру мақсатында Алматы облысының шалғай елді мекендеріне баруды жоспарлады.

Көшпелі топтың құрамында кардиолог, невропатолог, жақ-бет хирургі, ЛОР дәрігері, офтальмолог, травматолог, хирург және гинеколог бар.

Бүгінде көшпелі топ Райымбек аудандық орталық ауруханасына барды. Мұнда дәрігерлер 100-ге жуық адамды тексерді, олардың 9-ына МӘМС бойынша стационарлық емделуге жолдама берілді.

Сонымен қатар, сапар мақсаты Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолжетімді ету болып табылады.

Көшпелі топ Алматы облысының барлық шалғай мекендеріне баруды жоспарлап отыр.

Автор:
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі