Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Короновирус және COVID-ке қарсы ревакцинация туралы ақпарат


28 июля 2022, 13:06 | 1 816 просмотров



Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының бөлім меңгерушісі - Еділханұлы Ерасыл. Талдықорған қаласы бойынша тұрғындарын Короновирус жайлы және COVID-ке қарсы ревакцинация туралы ақпараттандырып, ревакцинацияға шақыруда. 

Короновирустық инфекцияның симптомдары қандай? 

Коронавирус адамнан адамға ауа арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде), сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттар мен алиментарлық жолмен (тамақ, су арқылы) берілуі мүмкін. Ауа, тамақ өнімдері, тұрмыстық заттардан да жұғады. Және симптомдары дене қызуы, жөтелдің пайда болуы, ентігу сияқты т.б

Ковидке тест тапсыру тегін бе?

Ковидке тест тапсыру тегін және қай жағдайларда тест алынады?! Егер науқас тұмау және Ковидке ұқсас белгілерімен келсе, егер науқас жоспарлы ем алуға дайындалса, егер науқас жедел медициналық көмекке мұқтаж болса. 

Covid қарсы ревакцинация қашан болады?/ басталады?

Ковид 19 індеті 2020 жылдың 13 мамыр айынан бастап Талдықорған қаласында алғашқы рет тіркелген болатын. Індеттің алдын алу шараларында вакцинация және ревакцинация басталып, алғашқы вакцинация 2021 жылдың ақпанынан жүргізілді және 2 этаптан тұрды. Қараша айында алғашқы ревакцинациялау жүргізіліп, ең бірінші болып тәуекел топтар яғни медицинада жұмыс істейтін мамандарға және мектеп ұстаздарына, қарулы күштер қызметкерлері мен 60 жастан асқан қарт адамдармен мүгедек адамдарға салынды. Әлі де бұл процесс жалғасын тауып жатыр. Өз еркімен келісімін берген қала тұрғындары да ревакцинация ала алады. Ревакцинация аралары 6 айдан асқан болуы тиіс.

 Халыққа түсіндірме ақпараттар жүргізіліп жатыр ма? 

Халық арасында жалпылама Ковид індеті жайлы, алдын алу шаралары, және қорғаныс шаралары Телеарналардан, месенджерлерден, жергілікті газет арқылы ақпарат таратылған болатын. Медицина қызметкерлері тәулік бойы офлайн, онлайн қызмет корсетіп, науқастарға қолдау жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Вакцинация балаларға да салынама?

Балаларға 12-17 жас, омыраумен емізетін аналарға және жүкті айелдерге вакцинация АҚШ-та жасалынған Пфайзер компаниясының Комирнати вакцинасымен 2 этапта егілді, келісім берген ата-аналарға 1 ревакцинация жасалынды. Әр медициналық мекеме өзіне тиісті мектептеріне онлайн және офлайн режимінде вакцинамен таныстыру және оның пайдасы жайлы ақпараттық сағаттар өткізілген! 

Сұхбатыңызға рахмет!

 

Автор:
AQNIEТ