28 июля 2022, 13:03 | 1 446 просмотров
Пандемия басталғаннан бері аймақта 37 015 КВИ жағдайы тіркелді, оның ішінде 28 212 жағдай симптомды және 8803 жағдай симптомсыз болып тіркелген.
Соңғы тәулікте 123 жағдай тіркелді, өсім қарқыны 0,3% - ды құрайды. Оның ішінде ауру белгілері бар 114 жағдай және 9 симптомсыз жағдай анықталды.
Ересектер арасында 92, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 31, оқушылар арасында 3, медициналық қызметкерлер арасында 1 жағдай, оқытушылар арасында 3 жағдай және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында 2 жағдай тіркелді.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы Ақсу ауданы-4, Алакөл ауданы - 12, Ескелді ауданы - 11, Қаратал ауданы - 6, Кербұлақ ауданы - 3, Көксу ауданы - 8, Панфилов ауданы – 11, Талдықорған қаласы - 60, Текелі қаласы-8.
Бүгінгі таңда облыста вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 316 991 адамға жетті, бұл иммундауға жататын ересек тұрғындардың 82,4% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 305 273 азамат немесе 79,3% алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Статистика бойынша 28 шілдеде өңірде ревакцинация курсынан 131 984 адам өтті, яғни 60,2%. Айта кету керек, олардың ішінде 28 986 адам Pfizer-ден Комирнати вакцинасымен қайта вакцинацияланды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 34951 адамды құрайды, оның ішінде 24683 жасөспірім, 1072 жүкті әйел және лактация кезеңінде 5270 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 32822 азамат алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер-23505, 976 жүкті және 4965 бала емізетін әйелдер.