Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Нәрестелердің өмірін құтқаратын жаңа құрал-жабдық


28 июля 2022, 06:53 | 12 009 просмотров



 «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік көмегімен гипотермияның аппараттық кешендерімен жабдықталатын бес перинаталдық орталықтың біріншісі гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторын алады. Бұл заманауи медициналық жабдықтар Жетісу облысында 5 жыл ішінде жаңа туған мың баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі.

Жоғарыда аталған іс-шараны ағымдағы жылдың 28 шілдесінде сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін Талдықорған қаласы, Райымбек батыр көшесі, 40 мекен-жайы бойынша БАҚ өкілдерімен бірге мекемеге бару арқылы баспасөз конференциясы форматында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі спикерлер:

1. Жетісу облысының ОПО Директоры Қанат Қалиқанұлы Жұмашев

2. Samruk Kazyna Trust қорының бас директоры Альфия Адиева

3. AYALA қорының модераторы және өкілі Наталья Еськова, коммуникациялар вице-президенті. 

Терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Сонда ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Егер аппараттық кешен ауруханада болмаса, бала орталық жүйке жүйесінің ауыр функционалдық зақымдануымен қалып, ең ауыр жағдайда қайтыс болуы мүмкін. Гипотермия аппараты жаңа туған нәрестенің барлық денесін ұқыпты салқындатады. Дәл температуралық әсер ету қан ағынын түзетуге және нәрестелердің бас миының жасушалары мен зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді. Амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күтімдеу үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі.

Талдықорғанның облыстық перинаталдық орталығы жансақтау бөлімін босану кезінде ауыр және орташа ауыр асфиксиясы бар жаңа туған нәрестелерді құтқару және емдеуге арналған жабдықтармен толық жарақтандыруды қажет етті. Орталық жыл сайын Алакөл, Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Сарқан аудандарынан, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларынан шамамен 6 мың босанатын әйелді қабылдайды. Барлық күрделі жағдайлар, оның ішінде санитарлық авиация арқылы осы жерге жіберіледі. Мұнда 150 төсек орын орналасқан, оның ішінде он төсек орын - Патология және шала туған нәрестелерді емдеу бөлімшесінде орналасқан. Онда 34 дәрігер мен 126 орта медицина жұмыскері жұмыс істейді.