Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЙЫМЫ (ХЕҰ) МОТ - АЛМАТЫДА


18 июля 2022, 14:12 | 10 307 просмотров



👷🧑‍🔧👨🏼‍⚕️ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЙЫМЫ (ХЕҰ) МОТ - АЛМАТЫДА🇰🇿🌏✨

 

Ағымдағы жылдың шілде айының 11-12 жұлдызында Республикадағы ірі кәсіподақ құрылымы Еңбек Конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы және ХЕҰ өкілдерінің ұйымдастыруымен " Еңбек саласындағы бекітілген халықаралық стандарттарды қолданысқа енгізе отырып, ХЕҰ-ның қадағалау механизмін тиімді пайдалану, бекітілген стандарттарды орындаудағы әлеуметтік диалог пен кәсіподақтың рөлі" атты семинар өтті. ХЕҰ құрамына 187 мемлекет кіреді. Семинарды 57 Европа мен Орталық Азия мемлекеттерінің бөлімін басқаратын Сергеюс Гловацкас пен Шығыс Европа мен Орталық Азия елдерінің ХЕҰ Бюросының бас маманы Гоча Александрия жүргізді. ХЕҰ Комитетінің нұсқауы бойынша кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік аясында 11 тармақтан тұратын ұсыныстарды жан-жақты зерттеп, талқыға салып, пікірлерін жазба түрінде білдіру мақсатында екі топқа бөлініп қызу жұмысқа кірісті. Семинар барысында С. Гловацкас Еңбек Конфедерациясы құрамындағы "AQNIET"-тің төрағасы Б. Тәжібайдың халықаралық кәсіподақ қозғалысындағы қарым-қатынасты нығайта отырып, алғы жетістіктерді іске асыру жөніндегі еңбегін жоғары бағалады. "AQNIET" қызметкерлері мәртебелі меймандарды 'Денсаулық' сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен таныстырып, көркейту жоспарымен бөлісті. Еліміздің көрікті табиғатын тамашалауға мүмкіндік беріп, қонақжайлық танытты. Айта кетерлігі С. Гловацкас үлкен халықаралық конференцияларды өткізуге 'Денсаулық'тың базасының мүмкіндігі зор екенін білдірді.

Кәсіподақтар қауымдастығы халықаралық стандарттарды зерттей келе ұлттық деңгейде ілгерілету және бекітуге ат салысатының баса айтты.

"AQNIET"-тің мақсаты - өкімет пен кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік диалогты пайдалана отыра денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғап, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету механизмдерін рет-ретімен қолдана отырып, алға басу процесін жетілдіру. 

Автор:
Жетісу облысының "AQNIET" кәсіподағы