18 июня 2022, 10:38 | 10 025 просмотров
“Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, науқастың көңілін көтере біледі. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілейміз.
Еңбегің неткен зор еді,
Кигенің алғыс тон еді.
Құтты болсын мейрамың,
Дәрігер - өмір тірегі.
Дем берген дауа жүрегі,
Науқастың сенер тірегі.
Сыйлаған саулық әр үйге,
Өрлесін бақыт-терегі. "AQNIET"Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған филиалы құрамындағы кәсіподақ мүшелеріне төл мерекеге орай филиалдың және Орталық Кеңестің Құрмет грамоталары мен төс белгілерімен марапаттап, міндеттемелерін озық атқарып жүрген 30 мейірбике мен 20шақты дәрігерлерді тегін жолдамалармен "Балалар жылы" болғандыктан 3-10 аралық 35 бүлдіршіндерімен бірге сауығу орталығына жіберіп, жұмысқа деген құлшыныстарын арттыра түсті. Игі шаралар жыл бойы жалғасын таба бермек. Құрметпен, "AQNIET"Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған филиалы Атқару Комитеті